ДИКТОР: Шығармашылық пен өмірлік тәжірибені ұштастыра білген, ұрпақтар арасындағы алтын көпірге айналған «Ақбұлақ – Родник» шығармашылық клубының құрылғанына биыл 25 жыл. Атаулы датаға орай аға буын өкілдерінен жасақталған клуб мүшелері әсем сазды кеш өткізді.

РКС: Клуб аға буын өкілдеріне бір-бірімен еркін араласуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру мақсатында құрылған. Шараға зиялы қауым өкілдері мен қала әкімі Әнуар Күмпекеев арнайы қатысып, мерейтой иелеріне жүрекжарды тілектерін арнады. Әкім клуб мүшелерін құттықтап, олардың қоғамдағы белсенділігі мен мәдени мұраны насихаттаудағы еңбектеріне ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазақ Орыс, Украин әндерін насихаттап жүрсіздер. Қолданбалы өнерді дамытуға үлкен-үлкен үлес қосып жатсырсыздар. Сіздердің еңбектеріңіз және белсенділіктеріңіз үшін мың да бір алғыс айтамыз. Барша құрметті ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт тілейміз.

РКС: Клуб 2000-шы жылдың наурыз айында құрылды. «Менің жасым – менің байлығым» — әр клуб мүшесінің өмірлік ұстанымы. Көпшіліктің жүрегінен орын алған «Ақбұлақ — Родник» әні бүгінде осы ұйымның өнер жолындағы жолсерігіне айналған.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ұжымның Ақбұлақ-Родник" деп аталуы кездейсоқ емес. Ертеде адамдар бұлақтың жанына жиналып, бір-бірімен сөйлесіп, кез келген ірілі-ұсақты дауды бейбіт жолмен шешкен. Бұл клуб та сондай рухани қолдау мен бірліктің бастауы іспеттес,-дейді оның жетекшісі.

СНХ: ВАЛЕНТИНА СОЛОМИНА, «АҚБҰЛАҚ-РОДНИК» КЛУБЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: 25 жыл біргеміз, бұл жерге жасымыз 60-тан асқанда келген едік, қазір жасымыз 80-нен асты. Клубымызда түрлі этнос өкілі бар. Түрлі мамандық иесі бос уақытын осы жерде өткізеді. Ал сол кездегі клубтың құрамында жалпықалалық жиналыста арнайы тізіммен бекітілген адамдар болды. Партияның хатшысы, облыстық басқармалардың басшылары да бар еді. Өкінішке орай, олар қазір жоқ. Қазір тек төрт адам ғана қалды, олар қазір Көкшетау қаласында тұрады.

РКС: 25 жыл — уақыт межесі ғана емес, бұл — тарих. «Ақбұлақ-Родник» клубының тарихы — ол адамдардың бірлігі, өзара сыйластығы және өмірге деген шынайы құштарлығы.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ