ДИКТОР: Бүгін Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Кәсіби мереке ретінде 2013 жылдан бері жыл сайын кең көлемде аталып өтіп келеді. Өнер мен мәдениет – әрбір елдің рухани байлығы мен ұлттық болмысының айнасы. Осы саланың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін бағалау – қоғам алдындағы маңызды міндеттің бірі.
РКС: Мерекеге орай бүгін Көкшетау қалалық әкімдігінде салтанатты жиын өтті. Аталған шарада қала әкімі Әнуар Күмпекеев мәдениет саласының үздіктерін құттықтады.
СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Керемет адал қызмет жасап, наурыз, мамыр мейрамдарын жоғары деңгейде өткіздіңіздер. Сол үшін сіздерге тағзым. Алғысымды білдіремін.
РКС: Салтанатты жиын барысында мәдениет саласында ұзақ жыл еңбек етіп жүрген 20-дан астам қызметкер қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жастардың мәдени әрі рухани тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің директоры Серік Жетпісқалиев «Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың иегері» атағына ие болды. Бұл марапат – оның әдебиет пен мәдениет саласындағы ұзақ жылғы еңбегінің жарқын жемісі.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Енді бүгін мен үшін де қуанышты жағдай болды. Махамбет атындағы халықаралық қор деген бар. Сол қордың ұсынысымен "Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері" деген атақ алдым. Бұл енді менің шығармашылығымдағы Махамбет тақырыбы кең орын алатын тақырып. Өйткені мен сол өңірдің тумасымын. Кішкентайымнан сол Махамбетті біліп өстік. Менің шығармашылығымның көп бөлігі сол Махамбетке арналған. Өлеңдер, жырлар, естеліктер, көсемсөздер. Сол еңбегім бағаланып осындай сыйлықтың иегері атандым.
РКС: Жиын соңында «Көкше» Мәдениет Үйінің "Аманат" квартеті әннен шашу шашып, көпшіліктің көңілін көтерді. Ұлт руханиятының жанашырлары – мәдениет майталмандарына көрсетілген құрмет осылайша лайықты деңгейде жүзеге асты.
ИНТЕРШУМ:
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ