ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына байланысты жыл сайын еліміздің барлық мектебінде әскери оқу-жаттығу жиын өтеді. Осыған орай Красный Ярдағы №1 орта мектебінде әскери дала оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылған. Болашақ сарбаздар тек әскери даярлықтан бөлек, батылдық пен тәртіпке баулитын болашақ ұрпақтың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыратын маңызды кезеңнен өтпек.
РКС: Әскери дала оқу-жаттығу жиыны 5 күнге жоспарланған. Оған Красный Ярдағы 3 мектептің және қалалық техникалық-лицейдің 10-сынып оқушылары қатысуда. Жиын барысында ер балалардың саптық, атыс, тактикалық, азаматтық қорғаныс, топографиялық, автоматты бөлшектеу және құрастыруға қатысты дайындықтары шыңдалады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: АЗАМАТ МӘЖИТОВ, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Оқушылар бізде тактикалық тапсырмаларды орындайды. Кейін, далаға шығамыз. Сыртта окоп қазу, шабуыл жасау, қорғану жаттығуларын өтеді. Одан басқа ату тәсілдерін үйренеміз. Бізде пнеавматикалық мылтықтар да бар. Кейін Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөліміне экскурсияға барамыз. Онда оқушылар шынайы сарбаздар қай жерде ұйықтап, қалай тамақтанады, жалпы міндеттерімен танысатын болады.
РКС: Әр мектептен келген оқушылар сапқа тұрып, әскери өмірдің темірдей қатал тәртібінің алғашқы кезеңін сезінді. Сарбаз міндетін түсінген азаматтар әсерлерімен бөлісті.
СНХ: ТИМУР АШИРОВ, КӨКШЕТАУ ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Осындай мүмкіндік берген ұстаздарыма алғыс айтамын. Жиын өте қызық өтіп жатыр. Мұнда біз сап түзеп, атыс дайындықтарына үйренудеміз. Осындай жаттығулардан кейін мен әскери сала туралы біраз мағлұмат алдым десем де болады.
РКС: Айта кету керек, Красный Ярдағы 1-ші мектепте алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинеті ашылды. Бұл жерде оқушылар алғашқы әскери дайындықтың барлық кезеңін меңгереді.
СНХ: ТІЛЕУХАН АХМЕТБЕКОВ, КРАСНЫЙ ЯРДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектебімізде балаларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру мақсартында мектебіміздің жыл сайынғы материалдық-технкалық базасы жаңартылып олтыр. Қазіргі таңда 70-80 пайызға жуық мектебіміздің материалдық-техникалық базасы жақсаруда. Оқушыларымыз түрлі сайыстарға қатысады. Осы мақсатта Түрік мемлекетінде шығарылатын винтовкаларын алған болатынбыз. Бұлардың барлығы шәкіртіміздің, біздің оқушыларымыздың патриоттық тәрбие алуына сондай бір септігін тигізеді.
РКС: Заманауи жабдықталған кабинет сарбаздардың арнайы формаларынан бастап, оқу-жаттығуға қажетті барлық құрал-жабдықпен жарақтандырылған. Жыл сайын ұйымдастырылатын шара елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, Отан үшін аянбай қызмет етуге баулиды.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ