ДИКТОР: Қосшы қаласында отбасы институтының маңызын арттыруға бағытталған «Отбасы- мейірім мекені» атты облыстық форумы өтті. Шара отбасы құндылықтарын нығайту, ұрпақ тәрбиесіне қоғам болып үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Форумның ашылу салтанатында Қосшы қаласының әкімі Азамат Қапышев аймақ басшысы Марат Ахметжановтың арнайы құттықтауын жеткізіп, қатысушыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар, облыс әкімінің атынан бірқатар үздік, үлгілі отбасыға құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды. Солардың бірі «Ел анасы» номинациясының иегері атанған Бурабай аудандық аналар кеңесінің мүшесі Гаухар Хамзина.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ГАУХАР ХАМЗИНА, «ЕЛ АНАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ: Көптен - көп рахмет. Әрине, әрбір ананың еңбегі жанады, сондықтан бұл еңбегімнің жанғаны деп есептеймін.

РКС: Форум аясында қоғамның рухани тірегі саналатын отбасының орны мен ролі туралы өзекті ойлар ортаға салынды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Салықов пен Клара Төленбаева, сондай-ақ Қосшы қаласының өнерпаздары көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Қосшы қаласы Аналар кеңесінің бастамасымен кеңес мүшелері аналарға ақжаулық жауып, ілтипат танытты.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ