ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша жазғы кезеңде 16 лагерь жұмыс істейді. Мектептерде 36 мыңнан астам баланы қосымша қамту мақсатында 208 күндізгі лагерьлер ұйымдастырылмақ. Бұдан бөлек, 4600-ге жуық оқушы шатырлы, киіз үй лагерьлермен қамтылады. 5-9 сыныптың 71 мыңға жуық оқушысы үшін тамақтандырусыз 350 бейіндік алаң жұмыс істейді. Балалардың сауықтыру орындары жоғары эпидемиологиялық маңызы бар нысанның санатында. Сондықтан оның қолданысқа енгізудің алдында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жайлылығы саласында рұқсат қағаздары талапқа сай болуы шарт.
РКС: Облыс бойынша балаларға арналған 18 сауықтыру орталығы бақылауда. Оның үшеуі жыл бойы жұмыс істейді. Санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін электронды үкімет порталына өтініш беру қажет. Өтінімге нысанның кадастрлы төлқұжаты, сонымен бірге арнайы зертханалар жүргізген талдау нәтижелерінің қорытындысы қоса берілуі тиіс.
СНХ: СӘУЛЕ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қорытындыны алу үшін қандай хаттамалар қоса беріледі? Яғни, лабораторлық зерттеулер. Біріншіден, санитарлық-химиялық и микробиологиялық зерттеуге тамақтандыру бөлімінен ауыз судың сынамасы алынады. Егер жақын маңда су айдыны немесе бассейні болса, онда ол жерден алынған тіршілік нәрі де вирусологиялық, санитарлық-химиялық және бактериологиялық сараптамаға жіберіледі. Топырақ пен құм да паразиттік және микробиологиялық зерттеуге жөнелтіледі. Бұдан бөлек, жылу беру маусымындағы микроклимат деңгейі, микроклимат пен температура да зерттеледі. Сондай-ақ, балалар тұратын бөлмелердегі жасанды жарық деңгейі мен ауа қозғалысының жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдылық хаттамалары да қоса беріледі.
РКС: Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары білім басқармасы мен Қазақстанның балалар туризмі қауымдастығымен бірлесе отырып жол картасын дайындады. Оған балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз етуге қажетті барлық шара енгізілген.
СНХ: СӘУЛЕ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Сәуір айында біз Зеренді ауданының аумағында көшпелі семинар өткіздік. Оған балалардың сауықтыру орталығын қолданысқа беру жөніндегі талаптары, сол нысандарды тексеруге құқығы бар барлық мүдделі органды шақырдық. Талаптарды түсіндірдік. Бұдан бөлек, демалыс орындары мен шипажай өкілдерін де шақырып, қорытындыны қалай алуға болатыны туралы ақпарат бердік.
РКС: Күні бүгінге дейін әлі бірде-бір лагерь рұқсат құжатын алған жоқ. Мұны мамандар бірқатар зерттеу тек еліміздің бес сараптама орталығында ғана жүргізілетінімен түсіндіріп отыр. Ақмола өңіріне ең жақыны Астана мен Қарағандыда. Осыған байланысты жұмыс біршама қиындық туғызуда.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ