ДИКТОР: Облыс бойынша 6 мыңға жуық оқушы 11 сыныпты аяқтады. Соның 350-ге жуығы «Алтын белгіге» үміткер. Педагогикалық кеңестің шешіміне сәйкес түлектер үшін мектеп қабырғасында мамырдың 23-і мен 24-і «Мектебім, саған мың алғыс!» салтанатты шарасы өтіп жатыр. Бүгін техникалық мектеп-лицейінің 1-ші және 11-ші сынып оқушылары үшін 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау соғылды. Биыл 34 түлек мектепті тәмамдап отыр. Салтанатты іс-шараға барып қайтқан тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Биыл 25-ші мамыр жексенбі күнге түсіп отыр. Осы себептен елімізде соңғы қоңырау салтанаты бүгін өтіп жатыр. Кей білім ошағында ертең ұйымдастырылады. Айта кетейік, биыл облыс бойынша 6 мыңға жуық түлек 11-ші сыныпты аяқтап отыр. Оның 347-сі «Алтын белгіге» үміткер.

СНХ: ТІЛЕГЕН АМАНГЕЛДІҰЛЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Түлектеріміздің жетістіктері өте көп. Айта кетсек, облыстық кезеңінде дебаттардан 1-ші орын алды, ғылыми жобалардан 1-ші орын алды. Республикалық олимпиадаларда орын жеңіп алып келген түлектеріміз бар. Осындай жетістіктермен осы жылын аяқтап жатырмыз. Оқушыларымыз жаңа жылда жаңа жайлы мектепке көшкенбіз. Заманауи мектептерінің ішінде осы түлектер бірінші болып, мектеп қабырғасынан шығып жатыр.

РКС: Шара барысында әдеттегідей 1-ші сынып оқушылары түлектерге жылы лебіздерін арнады. Өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлектер де бүлдіршіндерге білім жолы қызық пен жаңалыққа толы болуын тіледі. Кейін түлектер мектеп вальсін биледі.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ЛИНАРА ЕРМЕКОВА, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ТҮЛЕГІ: Осы жылда мен республикалық олимпиадада 2-ші орын алдым орыс тілінен. Сонымен қатар математикадан 3-ші орын алдым республикада. Мектеп бітіру өте ... қиын сәт біз үшін. Мектепті жақсы көреміз. Осы жылы мен Астанаға түсіп, журналистикада оқимын. Болашақта жақсы маман болып, теледидарда жұмыс істегім келеді.

РКС: Салтанатты шараның ең қызықты сәті соңғы қоңыраудың соғылуы. Түлектер үшін соңғы қоңырау сыңғыры – балалық шақпен қоштасу, үлкен өмірге қауышу үні.

ИНТЕРШУМ:

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.