ДИКТОР: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жаңа автокөліктерді Қазақстан аумағына әкелуді ынталандырады. Бұл ретте көлік құралының шыққан жылыга байланысты бастапқы тіркеу алымдарының мөлшерлемесі төмендетіледі. Соңғы үш жыл ішінде Агенттіктің аумақтық департаменттері көлік құралдарын бастапқы тіркеу үшін алым төлеуден жалтару фактілері бойынша 88 қылмыстық істі тергеді.

РКС: Аталған істер бойынша 1 800-ден астам автокөлік заңсыз тіркелгені анықталды. Мемлекетке келтірілген залал 11,8 млрд теңгеден астам. Күдікті ретінде 70 адам танылды. Олардың арасында Әкімшілік полиция басқармасының басшылары мен қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері мен нотариустар да бар. Мемлекетке 900 млн теңге көлемінде алымдар төлетілді. Сонымен қатар, құны 31 млрд теңге болатын 1,5 мың автокөлікке және күдіктілерге тиесілі 968 млн.теңгенің мүлкіне тыйым салынды.

СНХ: ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ақмола облысында Әкімшілік полиция басқармасының қызметкері бар топқа қатысты үкім шығарылды. Олар 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта 55 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеу арқылы мемлекетке 401 млн теңге көлемінде залал келтірген.

РКС: Сот үкімімен олар 2,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, мемлекет кірісіне жалпы құны 125 млн теңге болатын 3 пәтер мен жеке тұрғын үй, сондай-ақ 21 млн теңге тәркіленді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ