ДИКТОР: Оқу жылы аяқталып, жазғы демалыстың басталуына байланысты балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Жоғары қауіпті аймақ - жол қозғалысы. Әсіресе оның ең жас жаяу жүргіншілері, мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері, үшін өзекті. Соңғы екі жылда аймақта қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, 400-ден астам оқу орны жол қозғалысын басқарудың заманауи құралдарымен жабдықталған.
РКС: Мектептер мен балабақшалардың жанына 300-ден астам «Назар аударыңыз, балалар» жол белгісі орнатылды. 450-ге жуық жаңа «Жаяу жүргіншілер өткелі» белгілері жолды кесіп өтудің қауіпсіз бағыттарын көрсетеді. Жол қозғалысын бәсеңдету үшін 300-ге жуық жылдамдықты шектеу белгілері орнатылып, жолдың тағы 200 учаскесі жылдамдықты азайтатын құрылғылармен жабдықталған. Білім беру нысандарының жанында 4 бағдаршам мен жаяу жүргіншілер жолы салынды. Сондай-ақ, таңбалау жұмыстары жүргізіліп, көше жарықтары орнатылды.
СНХ: ЕРЖАН ҚОШҚАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Что особенно важно в тёмное время суток. Парковки обустроены у 124 объектов, что уменьшает хаотичную остановку транспорта. Ограждения установлены у 23 объектов, чтобы дети не выбегали на проезжую часть. Все эти меры направлены не только на снижение дорожно-транспортных происшествий, но и на формирование у детей и взрослых культуры безопасного поведения на дорогах. Но даже самая продуманная инфраструктура не заменит внимание и участие взрослых. Мы призываем родителей быть примером безопасного поведения, напоминать детям о правилах дорожного движения и следить за их безопасностью не только на дорогах, но и во дворах.
РКС: Тәртіп сақшылары балаларды кішкентай кезінен бастап жол қозғалысы ережелерін үйрету керек екенін еске салады. Биыл облыста көлік апатынан 4 бала қаза тауып, тағы 96 бала жарақат алған. Зардап шеккендердің көбі жаяу жүргіншілер. Балалардың қауіпсіздігі – олардың айналасындағы ересектердің ортақ жауапкершілігі.
СНХ: ЕРБОЛАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Биылғы жылы соңғы қоңыраулар облыстың 341 мектебінде өтеді. Тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 600-ге жуық полиция қызметкерлері мен 173 патрульдік экипаж жұлдырылды. Бұл жай ғана сандар емес. Бұл біздің балаларымызды қорғауға бағытталған нақты күш. Өкінішке орай, осы жылдың өзінде кәмелетке толмағандар қауіп-қылмыстан зардап шеккен 57 жағдай тіркелді. Оның ішінде 4 жағдай мүліктік қылмыспен байланысты: ұрлық, алаяқтық, бопсалау, бұзақылық. 19 – денсаулыққа зиян келтіру. 15-і басқа да заңсыз әрекеттердің құрбаны болды. Мұндай қайғылы оқиғалардың негізгі себебі – балалардың нақты өмірде де, цифрлық кеңістікте де қауіп-қатер туралы хабардар болмауы
РКС: Балаларды қылмыскерлерден қорғау және олардың заңсыз әрекеттерге баруының алдын алу үшін балалардың сыни ойлауын дамыту, сұрақ қоюға, күмәндануға, қысымға қарсы тұруға үйрету маңызды. Кез келген әзіл немесе эксперимент ауыр зардаптарға, соның ішінде жауапкершілікке тартылуы мүмкін, дейді мамандар.
ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ