ДИКТОР: Аршалы ауданына қарасты Арнасай ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Оған облыстық бюджеттен 32 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Тілші айтсын.

РКС: Арнасай ауылдық округіндегі қазіргі дәрігерлік амбулатория 2100-ден астам адамға қызмет көрсетеді. Стандарт бойынша 1700 адамды қабылдауға арналған, яғни нормадан асып кеткен. Қазір тұрғындар ескі ғимаратта ем-дом алуда. Жуыр арада ауыл халқы заманауи жаңа ғимаратта медициналық қызметтің түр-түрін алады.

СНХ: КЕНЖЕБОЛАТ БӘКІРОВ, АРШАЛЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Құрал-жабдықтарымен қоса есептегенде 372 миллион теңге бөлінді. Бұл жерде дәрігерге дейінгі қабылдау, физиоемдеу кабинеттері, қалыпқа келтіру терапиясы, күндізгі стационар, дәрігерлердің кабинеттері орналастырылады. Қазір барлық жиынтық осы ғимараттың ішінде. Арнасай ауылы халқының саны өсіп жатыр. Сондықтан тағы бірбөлімше ашу жоспарымызда бар.

РКС: Жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы өткен жылдың қыркүйегінде басталған еді. Осы айда құрылыс толығымен аяқталды.

СНХ: ДОСЫМ ӘБЖІКОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Өздеріңіз көріп тұрғандай нысан толығымен тапсыруға дайын. Мағайы бәрі абаттандырылды. Нысанды қолданысқа бере беруге болады. Тиісті органның қабылдап алуын ғана күтіп отырмыз.

РКС: Ғимарат қажетті құрал-жабдықпен толық жарақтандырылған. Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру міндеті қойылып отыр. Тиісті тексерістен өткеннен кейін келесі айда мекеме жұмысын бастайды деген жоспар бар.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ