ДИКТОР: Қымыздың ағзаға пайдасы, құрамындағы дәрумендер дертке қуат, жанға шипа. Елдің қалаулы тағамы, көпшіліктің сүйсініп ішетін сусыны көптеген ауруға ем. Әсіресе туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуде таптырмайтын әдіс. Өкпе дертін емдейтін дәрігерлер қымыз терапиясы басталғаннан 7-12 күнде оң өзгерістер басталатындығын айтады. Сырқаттың тәбеті жақсарып, ұйқысы қалыпқа келіп, психоэмоционалды жағдайы дұрысталады,- дейді дәрігерлер.
РКС: Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында қымыз терапиясы 2009 жылы енгізілген. Бұл елімізде туберкулезге шалдыққан науқастарды қымызбен емдейтін бірден бір емдеу мекемесі.
СНХ: ЖАНАТ ҒАЗИЗОВ, Қ.ҚҰРМАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Науқас басында орташа жағдайда түссе. Температура, жөтел, ентікпе біз адамның ағзасына қараймыз. Егер қымызға қарсы әсері болмаса асқазан жағынан, тік ішек, жүрек жағынан емге қымыз қосамыз. Қымыз қосқаннан кейін науқастың жалпы жағдайы өзгереді. Науқастың өзі де соны айтады. 10 күннен кейін, 7 күннен кейін мен жақсардым, температура басылды. Ентіккенім азайды, жөтелім азайды деп айтады. Пайдасы көп қой қымыздың, углевод, витамин, минералдар көп қой. Мында үзіліс деген жоқ, жыл сайын береміз.
РКС: Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында қазір 105 сырқат бар. Олардың ішінде 45-і туберкулездің төзімді түрімен ауырып, өкпе терапия бөлімшесінде емделуде. Оларға күн сайын бір рет 200, 500 грамм қымыз беріледі.
СНХ: АЛТЫНБЕК ЖҰМАБЕКОВ, НАУҚАС: Қымызбен емдеу әдісінің пайдасы зор, тезірек ем-дом алуға септігін тигізуде. Оны өзім күнделікті көріп, сезіп жүрмін.
РКС: Жыл сайын орталыққа туберкулезге енді шалдыққан 30-35 сырқат түседі. 2009шы жылдан бері жаңадан анықталған өкпе туберкулезімен ауыратын 330 науқасқа қымыз терапиясы қолданылған. Олардың 77 процентінде науқастар көп ұзамай салмақ қоса бастаған. 99 процентінде емделушінің клиникалық жағдайы жақсарған. Науқастардың 27 проценті мерзімінен бұрын үйіне ерте шыққан.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ