ДИКТОР: Бұланды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 862 ұл, қыз шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинауда. Осыдан төрт жыл бұрын бокс үйірмесі ашылған болатын. Бүгіндері 80-нен астам жасөспірім білікті бапкер Арсланбек Оразбектің қарамағында маңдай тер төгуде.

ИНТЕРШУМ:

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Түстен кейінгі жаттығуға 40 бала қатысты.

РКС: Бүгіндері Бұланды ауданының жасөсірпірм боксышыларын облыс көлемінде тани бастады. Спорттың қызық та, қиын түрін жандарына серік еткен өрендер шағын ғана залда жалықпай жаттығады. Нәтижесінде сан алуан жарыстардан жүлдемен оралып жүр.

СНХ: АРСЛАНБЕК ОРАЗБЕК – БАПКЕР: Санаулы жылдарда ҚР-ның 20 спорт шеберлігіне үміткерін дайындап шығардым. Ел біріншілігіне бірнеше рет барып, жүлдемен оралған шәкірттерімді мақтан тұтамын. Солардың бірі – 42 келі салмақта облыс құрамасында өнер көрсетіп жүрен Маралбек Нұржігітті атап өткім келеді. Өзге де спортшыларымыздың қадамы көңілге қуаныш ұялатады.

СНХ: ТЕМІРЛАН ЕРМАНОВ – БОКСШЫ: 75 келі салмақ дәрежесінде бокстасамын. Бапкерім – Арсланбек Оразбек. Ол мені мықты болуға үйретті. Ағайымның арманы – әр шәкірттен чемпион шығару. Бұған дейін де Қазақстанға келгенбіз. Турнир жақсы екпінмен басталды. Ұйымдастырушыларға рахмет! Қашан да сіздердің елдеріңізде жарыстар жоғары деңгейде өткізіледі. Қазақстанның боксшылары – мықты. Бүгінгі жарысқа 6 қатысушы алып келдік. Барлығына сәттілік тілеймін!

РКС: Жаттығу кезінде бокспен айналысқаныма көп бола қоймаған. Алып тұлғалы балаға назарымыз ауды. Ол шапшаң қимылдап, сериялық соққыларды қарша боратып жатты.

СНХ: ӘЛТАЙЫР РАЙЫС – БОКСШЫ: Бокс үйірмесіне әкем алып келді. Бокс қолғабын кигеніме 1 жыл болды. Осы қысқа мерзімде облыстық және басқа да жарыстарда жүлдегер болдым. Алда жарыстар көп, соған дайындаламын.

РКС:: 11 жасар Элена Цездоева сол қолмен жұдырықтасады. «Жаттығу кезінде қарсылас шыдатпайды дейді», - бапкері. Бұрымды боксшының болашағы зор.

СНХ: ЭЛЕНА ЦЕЗДОЕВА – БОКСШЫ: Маған бокспен айналысу ұнайды. Танымал чемпион болғым келеді. Ол үшін үйде, стадионда, бокс залында аянбай жаттығып жүрмін.

РКС: Бұланды ауданы боксшылары қазіргі таңда кезекті жарысқа дайындық үстінде. Олар – маңдай тер төгу арқылы жеңіске жетуді мақсат тұтқан.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯДАНОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ