ДИКТОР: Көкшетауда топан судан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Қазір облыс орталығында су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындардың шығыны есептеліп жатыр. Зардап шеккен 100-ден астам отбасы анықталды. Әлі де өтініштер қабылданып жатыр. Зардап шеккендер бүлінген заттардың суретін, баспана құжаты мен үй иесінің жеке куәлігін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыруы тиіс. Өтініштер Көкшетау қаласының Шалқар көшесіндегі 9 а мекенжайында қабылданады. Топан судан зардап шеккендерге 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат кешеден беріле бастады. Төлемдер әлі де жалғасады. Су шайып кеткен үйлер зерттеліп, бір ай ішінде комиссия тиісті шешім шығарады.
СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Комиссия құрамы жалпы 13 адамды құрайды. Оған мемлекеттік мекеме басшылары, қалалық мәслихат депуттары, мәслихат төрағасы, қоғамдық кеңес төрағасы, "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігі, кәсіпкерлік палата өкілдері кіреді. Комиссия өтініштер келіп түскен сайын, отырыс ұйымдастырып заңнамаға сәйкестігін қарастырады. Содан кейін, тәуелсіз бағалаушыға бағыттау ия, бағыттамау жайлы шешім қабылдайды. Құжаттарды даярлап, әкелген соң комиссиямен әрі қарай шығын есептеліп, 3 күн ішінде залалады өтеу туралы шешім қабылдайды. Ол шешім 30 күн ішінде жүзеге асырылады.