ДИКТОР: «Ақ жол» партиясының облыстық филиалы бөлшек салықтың арнайы жаңа салықтық режимінің мөлшерлемесін төмендетуге бастамашы болды. Өткен жылдың жазынан бері мамандар біраз тер төкті. Облыстық бюджет, сонымен бірге бизнес-қауымдастық үшін артықшылықтары мен бұл жаңашылдықтың кемшіліктері сараланды. Өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, облыстық экономика және кәсіпкерлік басқармаларымен бірлесіп түрлі кездесу өткізілді. Оған бизнес өкілдері, мәслихат депутаттары, аудандар мен қалалардың әкімдері қатысты. Оның қорытындысы бойынша облыста мәслихаттардың шешімдерімен бөлшек салықтың мөлшерлемесін төмендетілді.

РКС: Бөлшек салықтың арнайы салықтық режимі 2021 жылы пайда болды. Ол пандемия кезінде мейлінше зардап шеккен салаларды қолдауға бағытталған еді. Алғашында 2 жылға ғана қабылданған болатын. Кәсікерлерге тиімді болғаны соншалық, бизнес-қауымдастық оны ұзартуды және қызмет көрсетуге рұқсат етілген түрінің тізімін кеңейтуді сұрады. 1-ші қаңтардан бастап 364 түрі бекітілді. Бөлшек салықтың мөлшерлемесін төмендету туралы шешім жартылай облыстық мәслихаттардың құзырына өтті.

СНХ: ВЕРОНИКА СУБАЧ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Наурыздың соңында облыста мәслихат депутаттарының шешімімен бөлшек салықтың төмендетілген мөлшерлемесі қабылданды. 1-ші қаңтардан бастап 4-тен 2 процентке төмендетілді. Бөлшек салық кәсіпкерлер үшін өте тиімді. Оның бінеше артықшылығы бар. Біріншіден, төмендетілген салық. Бүгінгі күні жалпы белгіленген режимге жатпайтын контрагенттер мен жеке тұлғаларға сауда жасаған кезде 2 проценттік мөлшерлеме қолданылады. Ал қалғандарына 8 процент.

РКС: Партия төрағасы орынбасары Вероника Субач бөлшек салықтың рестроспективті енгізілуі өз тиімділігін көрсетері сөзсіз екенін айтады. Өйткені, ол арқылы кәсіпкерлерге өз ісінің айналымын біршама көтеріп алуға беріліп отырған мүмкіндік. Бұл жалпыортақ декларациялаудың алдында аса маңызды екені даусыз.

СНХ: ВЕРОНИКА СУБАЧ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Екі миллиард теңгеге дейінгі айналымы бар кәсіпкер өз қалауы бойынша қосымша құн салығы есебіне тұрмауына болады. Бұл бөлшек салықтың негізгі басымдығы. Сәйкесінше салық жүктемесінің 12 проценті кетеді. Сондай-ақ кәсіпкер өз қызметкерлерінің еңбекақы қорын көтеруге ынталы болмақ. Өйткені, еңбекақы қоры бөлшек салықтан ұсталынып қалған болып есептеледі. Сәйкесінше еңбекақы қоры қаншалықты көп болса, бөлшек салық соншалықты төмен сомада төленеді.

РКС: ВАрнайы салық режиміне жататын экономикалық қызметтің түрі 360-тан асып жығылады. Оның ішінде «үйдегі» форматындағы барлық бөлшек сауда дүкені, құрылыс, шаштараз бен кометологиялық салондар, такси қызметі соған жатады. Бөлшек салыққа өту үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы өтініш берсе жеткілікті.

ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ КАИРКЕНОВ, ДАРХАН ДАУЛЕТ, КОКШЕ АКПАРАТ