ДИКТОР: 1995 жылдың 7 сәуірі ел тарихындағы қаралы күн. Осыдан 29 жыл бұрын Тәжікстан Республикасының Пшихавр таулы шатқалында әскерилер мен моджахедтер арасында 4 сағаттан аса уақытқа созылған ауыр ұрыс болды. Сол шайқаста әскери борышын өтеп жүрген қазақстандық 17 жауынгер ерлікпен қаза тапты. Тағы 40-қа жуық сарбаз түрлі ауыр жарақат алды. 5510 әскери бөлімінің мамандары мен ардагерлер бұл күні мерт болған сарбаздарды еске алды. Ерлікпен қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етіліп, гүл шоқтары қойылды.
ИНТЕРШУМ: САРБАЗДАР ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮДА
РКС: Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде жыл сайын «Ерлікке тағзым күні» аталып өтеді. Өскелең жас ұрпақты елдікке, ерлікке, бірлікке шақыруға арналған тағылымдық шаралар жер-жерде, республика бойынша әр әскери бөлімде өткізіледі.
СНХ: ДУАНБАЙ ЫБЫРАЙ, «АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ ОДАҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Әскери бөлімде жыл сайын 7 сәуір күні бәріміз жиналып, сол шекарада қайтыс болған 17 жігітті еске алып, олардың қандай ерлікпен қаза тапқанын білеміз. Еліміздің болашағы жастар, осыны білсе, түсінсе екен. Біз 10 жылға созылған Ауған соғысының ардагерлері, осы жағдайға түскен жас қайтқан жігіттерді еске ала отыра, қайғыра көңілімізді айтамыз.
РКС: Ерлік өшпейді, ол уақыт өткен сайын айбындана түседі. Ел батырлары әрқашан ел есінде, қастерлі Отанның қауіпсіздігі жолында жаужүрек ұландардың атқарған істері мәңгілік құрмет биігінде.
СНХ: ТАЛҒАТ НҰРҚАСЫМОВ, «ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫ УЧАСКЕСІНДЕГІ ЖАУЫНГЕРЛІК ІС-ҚИМЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстан батальоны 1992-2001 жылдар аралығындағы тәжік-ауған шекарасының ұжымдық шартын орындады. Батылдықпен қаза тапқандар ордендермен және медальдармен марапатталды. Тәжікстан астанасында қазақ батальондарының құрметіне ескерткіш орнатылған. Тәжікстан халқы да қазақстандық батальондардың рухына тағзым етіп, еске алады.
РКС: Қазақстан халқы өзінің ержүрек ұлдарын ешқашан ұмытпайды. Олардың есімдері бүгінгі күні еліміздің қалаларындағы көшелер мен мектептерге берілген. Сол ұрыста қаза тапқан жаужүрек жігіттердің қай-қайсы болса да батыр атағына лайық.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ