ДИКТОР: Соңғы жылдары Аршалы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі секциясына жазылушы ұл-қыздардың саны еселеп артты. Бұл жеңісті жолдардың бастауы, - дейді спорт мекемесінің директоры белгілі балуан Нұрсұлтан Бижанов.

РКС: Аршалы кентіндегі заманауи спорт кешенінің 2-ші қабатында қазақ күресі балуандарына арналған шағын зал бар. Мұнда күніне 30-дан астам бала келіп, жаттығып, алдағы жарыстарға дайындалады.

STEND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Соңғы 2 жылда ғана аудандық балалар спорт мектебінің 12 балуаны облыстық және республикалық жарыста жеңіске жетті.

ИНТЕРШУМ: КҮРЕСТЕН КӨРІНІС

РКС: Тәжірибелі жаттықтырушы Игілік Омаров әр шәкіртінің қарым-қабілетін спортзалға келген сәттен-ақ зерттеп-зерделейді. Бірден ата-аналарымен, білім алып жатқан ұстаздарымен байланыста болады. Бұл балуандық өнерді серік еткен баланың мінез-құлқын айқындайтын фактор.

СНХ: АСХАТ ЕРНАЗАРОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Менің тобымда 6 жастан бастап 18-ге дейінгі жасөспірімдер жаттығады. Қазақ күресін жақсы көретін ұл-қыздар аз емес. Әрине олардың бәрі чемпион болу міндет емес. Десе де, жаттығу кезінде әр шәкіртпен жеке дара жұыс істеу керек. Сонда нәтиже болады.

СНХ: САЯТ ҚОЯНБАЕВ, БАЛУАН: Мен қазақ күресімен 2 жыл айналысамын. Осынау ұлттық спорттың қыр-сыры тереңде жатыр. Сондықтан бапкердің әрбір ақыл-кеңесі мен үшін жеңіске жетелейтін жол. Жаттығудан бір сәтте қалып көрген емеспін. Арманым ел чемпионы атану. Бұл орайда әрине алда тер төгу керек.

РКС: Қазақ күресі секциялары Аршалы ауданының 5 елді мекенінде жұмыс істейді. Өңірдің құрама командасына іріктеу жарыстары жиі өтіп тұрады.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ