ДИКТОР: Көкшетауда пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтуде. Оған еліміздің 15 облысынан 300-ден астам спортшы қатысып жатыр. Өңірде спорттың осы түрі бойынша республикалық маңызы бар жарыстар 4-ші рет өткізілуде.

РКС: Пауэрлифтинг спортында атлеттер ең жоғары салмақты көтеру бойынша 3 санатта сынға түседі. Чемпионатта Ақмола облысының намысын 18 спортшы қорғауда. лардың қатарында жас атлет Никита Никитин де бар. Ол бұл додада «Спорт шеберлігіне кандидат» спорттық разрядын орындады.

СНХ: НИКИТА НИКИТИН, ЧЕМПИОНАТ ЖҮЛДЕГЕРІ: Мен пауэрлифтинг спортымен айналыса бастағаныма 1 жарым жылдың көлемі болды. Осы уақыт аралығында мен Еліміздің күміс жүлдегері атандым. 59 келі санатында 440 балл жинадым.

РКС: Жарыс ерлер мен әйелдер арасында бөлек-бөлек өткізілуде. Чемпионаттың келесі кезеңінде спортшылар арнайы спорттық киіммен өнер көрсетеді.

СНХ: АНДРЕЙ АЛТАЙБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ: Облыстың түкпір-түкпірінен келген спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде. Көкшетау қаласында бұл спорт түрінен Азия және әлем чемпиондары көп. Бұған дейінгі барлық Чемпионаттар бұрын өткізілген, бірақ белгілі бір себептермен өткізілмей қойды. Бүгінде Чемпионат күнтізбелік жоспарға енгізілді. Болашақта дәстүрге айналады деген үміт бар.

РКС: Жарыс сәуірдің тоғызына дейін жалғасады. Чемпионат жеңімпаздары Гонконгта өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ