ДИКТОР: Уақыт талабы мен заман ағымына қарай кей мамандықтарға сұраныс артып, енді кейбірі нарықтан ығысып жатыр. Техникалық мамандарға деген сұраныс жыл сайын артып жатыр. Десе де маман тапшылығы барлық салаға ортақ мәселе.
РКС: Техникалық мамандықтарға арналған білім гранттарының саны еселеп артқанымен, жұмыссыздық деңгейі төмендемей отыр. Облыстық еңбек ұтқырлығы орталығы даярлаған мәліметтерге сәйкес аймақта жалдамалы қызметкерлер тапшы. Алдағы бес жылда 33 мыңнан астам жұмысшыға сұраныс бар. Биылдың өзінде 8,2 мың адам жетіспейді. Білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау салаларымен қатар сауда және қайта өңдеу өнеркәсібіне де мамандар қажет.
СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл сұранысқа ие жалдамалы жұмысшылардың еңбек ресурстарын болжау жүйесі өзгерді. Онымен еңбек ұтқырлығы орталығы айналысады. Орталық "Атамекен" Ұлттық Палатасы жинаған деректерді ала отырып болжам жасайды. Жергілікті атқарушы орган 1 сәуірге дейін еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне деректерді ұсынады. Одан соң кадрлардың қажеттілігі бойынша деректер жоғары және орта арнаулы оқу орындарына жіберіледі.
РКС: Мамандық таңдауға келгенде мектеп түлектерінің қашан да қиналатыны сөзсіз. Талапкерлерді денсаулық сақтау саласы қызықтырғанымен, бұл бағытты таңдауға келгенде тартыншақтайды. Болашақ дәрігерлер үшін шекті балл қиындық тудырады. Осыдан барып кадр тапшылығы туындайды. Ал, педагогикалық мамандықты таңдау біршама жеңілдетілген. Сол себепті түлектердің бұл салаға қызығушылығы басым.
СНХ: ДИАНА МАМАҚОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ: Яғни, былтырғы 2023 жылмен алып қарастыратын болсақ, оқуға түскен білім алушылардың 47%-і осы педагогикалық бағыттағы мамандықтарды таңдаған болатын. Одан кейін, ақпараттық технологиядық мамандыққа білім алушылар келіп түсуде қазір. Енді, соңғы 5 жылдық қарастыратын болсақ яғни бұл жерде көбінесе ауыл шаруашылығы мамандықтарына яғни, білім алушылар жылдан-жылға азаю процесінен көрінеді.
РКС: Еңбек нарығында түрлі санаттағы дәрігерлер, есепшілер, жүк көліктерінің жүргізушілері мен аспаздар, сатушылар мен механиктар барынша сұранысқа ие. Тұтастай алғанда еңбек нарығындағы жағдай тұрақты.
ЖҰЛДЫЗ АМАНТАЙ, МАДИНА ӘБДІКӘРІМОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ