ДИКТОР: Су тасқыны басталысымен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сумен жабдықтау нысандарына мониторинг жүргізуде. 250-ден астам су сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге зерттелген. Олардың 8-де қауіпті бактериялар анықталған, 45 жағдайда бұлыңғырлық, түсі, дәмі, қаттылығы бойынша сәйкессіздіктер көрсетілген. Сол себепті жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтауға баса назар аудару қажет. Мамандар осылай дейді.

РКС: Жыл басынан бері өңірде А вирустық гепатитінің 4 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Вирустық гепатит – бауырдың кең таралған, тұрмыстық байланыс арқылы таралатын жұқпалы ауру. Оның себебі ластанған тағамдар немесе сапасыз тазартылған ауыз судан болуы мүмкін. Мамандар су тасқыны кезінде кеміргіштер мен топан су жоқ жерлерде тіршілік нәрі мен азық-түлік қорын жасақтап алуға кеңес береді. Ауланы қоқыстан тазарту және кеміргіштерді жою жұмыстарын ұдайы жүргізу маңызды. Қызыл су астында қалған үйлерді дезинфекциялық ерітіндімен өңдеген жөн. Жеке гигиенаны сақтау да маңызды.

СНХ: СӘУЛЕ СӘДУАҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысының аумағында сумен жабдықтау нысандарын су басу фактілері тіркелген жоқ. Дегенмен тұрғындар белгілі бір ережелер мен алдын-алу шараларын сақтаулары қажет екенін тағы да ескерткім келеді. Яғни, су басқан құдықтардан, сумен жабдықтау нысандарынан суды пайдаланбау керек. Осы кезеңде тек бөтелкелердегі немесе қайнатылған суды тұтынған жөн. Сондай-ақ, қызба, жүрек айну, құсу сияқты белгілерді назарда ұстау маңызды. Бұл жұқпалы аурудың белгілерінің бірі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

РКС: Вирустық гепатиттің алдын алудың нақты шарасы – вакцинация. Қазақстанда 2 жастан бастап екпе егу ұсынылады. Өңірде соңғы 2 жылда балаларды иммундау көрсеткішінің төмендеуі байқалады. Биылдың жылдың 2 айының қорытындысына сәйкес Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 95 проценттің 88-і қамтылды. Мамандар ата-аналарды вакцинациядан бас тартпауға шақырады, әсіресе су тасқыны салдарынан сапасыз су ішу қаупі үдейі түскен сәтте.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ