ДИКТОР: Зеренді ауданынан кешегі кеңес кезеңінде Оразғали Ақанов, Жақсылық Ысқақов, Амангелді Нұркенов, Тілеуке Төлебаев сынды қазаққа танымал боксшылар шыққан. Арада біраз жылдар өтіп, осы өңірде бокс секциясы ашылды.

РКС: Бокстан спорт шеберлігіне үміткер Тілеуке Төлебаев Зерендіде бокс секциясын ашуды армандап жүрді. Қарияның осынау тілегін аудан әкімі белгілі боксшы Әсен Жақсылықов қолдап, Көкшетаудан Қазақстанның спорт шебері Әнуар Батырхановты бапкерлік жұмысқа шақырды. Небәрі 4-5 айда жасөспірім боксшылар жалықпай жаттығып, жергілікті жарыстарға қатыса бастады.

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Кең де, жарық бокс залы барлық құрал-жабдықтармен жасақталған.

СНХ: ТІЛЕУКЕ ТӨЛЕБАЕВ, БОКС АРДАГЕРІ: Бокспен Көкшетаудағы №3 қазақ орта мектебінде оқып жүргенде айналыстым. Қарағанды медицина институтында одан әрі жалғастырдым. Жалпы, біздің ауданда спорттың осы түрімен тұрақты шұғылданып, біраз жетістікке жеткен аға буын өкілдері бар. Бокс секциясы Зерендіде осыдан бірнеше ай бұрын ғана ашылып, немерелерімізді апарып жатырмыз. Қадамдары қуантады. Болашақта осы балалардан жақсы боксшы шығады деген үмітім бар.

РКС: Әнуар Батырханов өз жұмысына бел шеше кірісті. Әр шәкіртінің санасына бокс төбелес емес, өнер екендігін сіңірді.

СНХ: ӘНУАР БАТЫРХАНОВ, БАПКЕР: Аудандық мәдениет үйінің осы залын боксқа лайықтап, қайта жаңғыртып жасады. Өңір басшысы белгілі боксшы Әсен Жақсылықов жаттығу сәтін үнемі қадағалап отырады. Қажетті қаражат бөлініп жатыр. Алғашқы жарысты да өткіздік. Оған ауданның бірнеше ауылынан боксшылар келіп, күш сынасты. Алдағы уақытта Көкшетау қаласына барып, бірлескен жаттығулар өткіземіз.

СНХ: ҚУАНЫШ ЕРЖАНҰЛЫ, БОКСШЫ: Аптасына 4 рет жаттығу өтеді.

СНХ: ДАНИАЛ ЖУМАНОВ, БОКСШЫ: Мен бокспен бірнеше ай ғана айныласамын. Әнуар Батырханов ағайымыз біраз әдіс-айла техникалық шеберлікті үйретті.

РКС: Зерендінің балауса боксшылары бұл күндері Көкшетау қаласында өтетін кезекті жарысқа дайындық жасау үстінде.

 ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ