ДИКТОР: Ақмолалық спортшылар Тараз қаласынан жүлделі оралып, облысымыздың намысын абыроймен қорғап шықты. Олар карате до шотокан бойынша республикалық чемпионат пен жастар арасында өткен "Taraz open" республикалық турниріне қатысқан болатын.
РКС: Ақмолалық спортшылар Қазақстан чемпионатының 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медалін қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, турнирдің 4 күміс және 3 қола медаліне қол жеткізді.
СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Он екіден астам облыс өкілдері қатысты осы жарысқа. Енді біздің құрама командагның спортшылары намысты жерге тастамай өте жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы, спортшылардың дайындықтары өте жақсы. Алдағы уақытта біз Атырау қаласында өтетін халықаралық дәрежедегі турнирге қатысамыз. Оған қоса ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Соған дайындық.
РКС: Жеңіспен оралған жерлестерімізді қарсы алу үшін вокзалға олардың достары, жақындары мен спортсүйер қауым жиналды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:ВЛАДИСЛАВ ЛИХАЧ, СПОРТШЫ: Мен Таразда өткен жарыстарға қатыстым. Жарыс жоғары деңгейде өтті, керемет ұйымдастырылған. Мен 18-20 жас аралығындағы ер адамдар санатында бақ сынадым. Бұл санат бойынша қатысушылар өте көп болды. Бестен аса жекпе-жек өткіздім. Жекелей есепте бірінші орынға ие болдым. Сондай-ақ, командалық катада бірінші, топтық есепте 2-ші орынға қол жеткіздім.
РКС: Спортшыларды алдағы уақытта бұдан да маңызды жарыстар күтіп тұр. Олар Атырауда облыс намысын қорғауы тиіс. Сондықтан, команда ойыншылары келесі жарыстарға қызу дайындықты бастауды көздейді.
ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ