ДИКТОР: Өңірде ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы өнім» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бастама мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Игілік ел аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, сіз бен біз тұтынып отырған тауардың сапасына бақылауды күшейту.
РКС: "Сапалы өнім" жобасы - тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастықтың өкілдерін ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз етеді. Осы тұжырымдаманы іске асыру мақсатында тұтынушылардың құқығын қорғау бірлестіктері қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда.
СНХ:СЕРІК МӘКІШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ "ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ" ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Сондықтан біз кейбір дүкендерде, Ресейлік үлкен супермаркеттерде тексеріс жүргізіп жатырмыз. Таңбалары бар ма, состав продуктов бар ма соларды бақылаймыз. Қазір «Доброцен» дүкенінде тұрмыз. Бәрі жақсы. Бірақ кейбір тауарларда таңба жоқ. Администрация бәрін дұрыстап, қалыпқа келтіреміз деп жатыр. Осындай рейдтер тағы болса, дүкендерде бұзушылық болмайды деп ойлаймын.
РКС: "Сапалы өнім" бренді бірінші кезекте елдің ішкі нарығында жоғары бәсекелестік туғызуы тиіс. Қоғамдық бақылау құралдары отандық "Сапалы өнімдерін жылжыту үдерістеріне мониторинг жүргізуге және уақытылы ден қоюға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушылар заңсыз қойылған тауарларды фото, аудио -. бейнеге тіркей алады. құзыретті органдар да уақытылы әрекет етеді.
СНХ: ДАМИРА НҰРАЙ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Тағам өнімдерінде қандай таңба болу керек: біріншіден тағамның аты, көлемі, дайындалған күні. Сақталу ұзақтығы және тағамның қай жерде дайындалғаны, бәрі жазылу керек. Таңбалану міндетті түрде қазақ және орыс тілінде болу керек.
РКС: Бүгінгі таңда ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Мемлекет Басшысы қойған басты міндет.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ