ДК: Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіледі. Қала бойынша 30-ға жуық жеке меншік, көпқабатты 12 тұрғын үй және 16 жер үй суда қалған еді. Осыған орай, 2-ші сәуірден бастап қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде келтірілген залалдарды өтеу үшін құжаттар қабылдана бастады.

РКС: Топан судан зардап шеккендердің бірі - көкшетаулық Самат Бекенов. Кәсіпкердің кеңсесін су басқан. Оның ішіндегі мүліктерді қалыпқа келтіру мүмкін емес,-дейді ол.

СНХ: САМАТ БЕКЕНОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Су тасқынының нағыз астында қалған бізбіз. Топан су ғимараттың ішіне кіріп кетті. Бірінші қабатта судың деңгейі 40 сантиметрге дейін жетті. Ғимараттың ішіндегі мүлікті қалпына келтіру мүмкін емес. Кеше біз Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарымен кездесіп, мүлікті қалпына келтіру әрекеттерінің алгоритмін түсіндірді. Қазір жұмысты қалпына келтіру туралы өтініш бердік. Үкімет бізді далада қалдырмайды деп сенеміз.

РКС: Зардап шеккендер бүлінген заттардың суретін, баспана құжаты мен үй иесінің жеке куәлігін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыруы тиіс. Арнайы топ барлық шығын мөлшерін есептегеннен кейін әр отбасына қаржылай көмек көрсетіледі.

СНХ: МАХАББАТ САМРАТ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Ағымдағы жылдың 29-шы наурызынан бастап Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайсаның қаулысымен Төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазіргі уақытта нақты шығын көлемі белгісіз. Алдағы уақытта комиссия құрамымен өтініштерді қарастырғаннан кейін белгілі болады.

 РКС: Топан судан зардап шеккендер өтініштерін Көкшетау қаласының Шалқар көшесіндегі 9а мекенжайында тапсыра алады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі таңғы 9-дан кешкі 18:30-ға дейін өтініштерді қабылдайды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ