ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттері облыстық полиция департаментімен және «Көкшетау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп «Қоғамдық көлікке жол бер» челленджін бастады. Жастар көлік жүргізушілерді аймақтың жолдарында автобустарға сыпайы болуға шақырды.

РКС: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде жастар парламентінің мүшелері челленджді бастау идеясын ұсынды. «Біз, студенттер, ылғи автобуспен жүреміз. Сондықтан қоғамдық көліктегі қауіпсіздік сезімінің қандай екенін бір адамдай білеміз», - дейді белсенді жастар.

СНХ: АЖАР ЖҮСІПОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАГИСТРАНТЫ: Бұл челлендждің мақсаты - елдімекендердегі жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жүргізушілер қоғамдық көлік аялдамасы бағытында қозғалатын троллейбустар мен автобустардың жүргізушілеріне жол беруі тиіс. Ал іс жүзінде көлік жүргізушілері жол бермей, соңы жол апатына әкеліп соғады.

РКС: Челлендж аясында қатысушылар көлік жүргізушілерімен әңгімелесіп, автобустарға «Қоғамдық көлікке жол беріңіз» деген стикерлер жапсырды. Олар барлық көлік жүргізушілерін сыпайы және мейірімді болуға, автобус жүргізушілеріне түсіністікпен қарауға шақыруда.

СНХ: АРНҰР СМАҒҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Қала жолдарында апатты жағдай туғызбау үшін автокөлік жүргізушілерін автобус жүргізушілерімен және олардың жолаушыларына құрметпен қарауларыңызды сұраймыз.

РКС: Көкшетаулық студенттер челленджді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне жолдады.

ИНТЕРШУМ: Челленджді жолдаудан үзінді

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ