ДИКТОР: Облыс орталығында "Көк жаңбыр-әр тамшыда махаббат" атты ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен олардың ата аналарына арналған іс-шара болып өтті. Аталған басқосу дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату мақсатында ұйымдастырылған. Форумға ерекше білім беруді қажет ететін 50-ге жуық бала мен олардың ата-аналары, мамандар қатысты.
РКС: Форумның бастамашысы және ұйымдастырушысы «Бархатный клуб» әйелдер қауымы. Дәурия Төлешова – ерекше баланың анасы, ол ұлы дүниеге келгеннен уақыттан, яғни 10 жылдан бері осы мәселені зерттеп келеді. Бірнеше жыл бойы ол аналарды ақпараттандыру және баламен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын үйрету үшін шараға қатысқан көптеген сала мамандарымен кездескен.
СНХ: РАУШАН ТҰРАНОВА, «QOLQANAT» ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Іс шараның "Көк жаңбыр - әр тамшыда маххабат" деп аталу себебі көк түс аутизм диагнозымен, атап айтқанда климаттық жағдайлармен, жаңбырмен байланысты. Ал даун синдромы күнмен және сары түспен байланысты. Бүгінгі іс шараның өз ұраны да бар.
РКС: Форумға дефектолог, реабилитолог, психолог, остеопрактик сынды мамандар қатысты. Олардың барлығы аналармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара пайдалы әрі қызықты етіп ұйымдастырылған. Балалардың көңілін көтеру үшін аквагримдер мен аниматорлар шақырылды. Аналар бір-бірімен және мамандармен танысуға мүмкіндік алды.
СНХ: ДИАНА АЛБАҚОВА, "АВА-ТЕРАПИЯ" ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОСАЛҚЫ ИЕСІ: Ава-терапиясы аутизмі бар балалар үшін өзін ұстаудың және жаңа дағдыларды меңгерудің ең тиімді әдісі болып табылады. Біз балаларды мектепке дайындаймыз, сонда бала қалыпты ортаға, не болмаса түзету сыныбына баратыны анықталады. Жетістікке жетіп, тәрбиешісіз, қолдаусыз мектепке баратын балалар да бар.
РКС: Аутизм мәселесі туралы тұрғындарды ақпараттандыру маңызды. Өйткені, осылайша біз мәселені оның көрінісінің бастапқы кезеңінде шеше аламыз. Бір жасқа дейінгі баланы тексеру маңызды, егер шамалы ауытқулар байқалса, дереу білікті мамандарға хабарласу қажет екендігі айтылды форумда. Шараны ұйымдастырушылар балалар мен аналарға арналған форум алаңын ұйымдастырған барлық қамқор жандарға алғысын білдірді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ