ДИКТОР: Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмек жинау пункттері азық-түлік, қажетті заттар мен құралдарды қабылдауды жалғастыруда. «Қазақстан Республикасының Қызыл жарты ай қоғамы» және «Волонтерлерді қолдау орталығы» кеңсесінің жастары жанашыр қала тұрғындарының әкелген дүниелерді қабылдап алып жатыр.

РКС: Гуманитарлық көмек жинау пункті наурыздың 28-де ашылды. Қоғамдық келісім үйі мен Мақатай Сағдиев көшесіндегі 29 үйде орналасқан қабылдау пункті сағат таңғы 9-дан кешкі 6 жарымға дейін жұмыс істейді. Қызыл жарты ай қоғамының волонтерлері су кірген үйлердің санын тіркеп, тұрғындармен байланыс орнатқан. Негізінен жылы киім, көрпе, бүлінбейтін азық-түлік қажет, - дейді волонтерлер.

СНХ: АСХАТ УӘЙІСОВ, ҚР ҚЫЗЫЛ ЖАРТЫ АЙ ҚОҒАМЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мақатай Сағдиев көшесінде орналасқан қабылдау пунктіне қала тұрғындары киім-кешек, төсек жабдықтары мен жылытқыштар, азық-түлік әкелді. Айта кетерлігі, алдағы уақытта халық азық-түлік әкелетін болса, онда тез бүлінбейтін тағамдар әкелсе. Төсек-орын, киім-кешектерге келсек, жылы киімдер қажет. Айта кетейін, шұлық, күртешелер, сыртқы жылы киім әкелсе деген өтінішім бар. Ал той көйлегі сияқты киімдерді немесе пайдасы жоқ заттардың қажеті жоқ.

РКС: Айта кету керек, Ақмола облысының барлық волонтері бірігіп, ұйымшылдықпен қолдау көрсетуде. Осылайша ұйымдасқан ұйымдар бірлесіп, ортақ міндет жүктеп, жұмысты үйлестіре түстуде. Бүгінде 500 келіге жуық көмек жиналды.

СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, «ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ОБЛЫСТЫҚ ФРОНТ-КЕҢСЕНІҢ БАСШЫСЫ: Волонтерлердің нақты жұмысы бізде дәл қазіргі уақытта киім жинау пунктерінде жұмыстар және су апаты орын алған жағдайда эвакуациялау. Бағалы заттарды шығару және оларға азық-түлік тасу сияқтыжұмыстарымен айналысып жатырмыз. Қатарымызға жаңадан қосылған волонтерлер бар. Әрине біз оларға тез арада нұсқаулық өткіздік. Содан кейін қатарымызға қосылуда.

РКС: Көкшетауда 16 жеке меншік үй секторы мен 29 ауланы, сондай-ақ көп қабатты 12 тұрғын үйдің маңын су шайып кеткен. Зардап шеккендер туралы толық ақпарат жиналғаннан кейін, волонтерлер қажетті заттарды нақты мекенжайларға жеткізуді жоспарлап отыр.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.