ДИКТОР: Ел аумағында орын алған төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиын өткізіп, жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар жүйелі жұмыс қажет екенін атап өткен болатын. Премьер-Министрдің төрағалығымен республикалық штаб құру, сондай-ақ барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Осыған орай топан судан зардап шеккен ақмолалықтарға да қажетті көмек көрсетілетін болады.

ИНТЕРШУМ: 0016 вот получается выше колено моего. Вот это вода вот была, я в балотниках домой заходил.

РКС: Көкшетау тұрғыны Вакиль Бектеміровтің үйіне кірген су тізеден келген. Шамамен, жарты метрге көтерілген судың кесірінен үйдегі бар жиhаз жарамсыз болып қалды. Отбасын жалдамалы пәтерге орналастырған Вакиль Фаритович шығын мөлшерін есептеп жүр. Тиісті органдарға қажетті сурет пен құжаттарды жібердік, жақын арада көмек көрсетіледі деген ойдамыз,-дейді ол.

СНХ: ВАКИЛЬ БЕКТЕМІРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйді фото, видеоға түсіріп жібердіңдер деді. Біз жібердік. Төтенше жағдай департаментіне барып, өтініш жаздық. Телефон номерімізді, мекен жайымызды қалдырдық. Әрине, көмек көрсетіледі деп ойлаймыз. Сеніп отырмыз.

РКС: Тосыннан келген топан судан зардап шеккендердің бірі Вернадский көшесіндегі 72-ші үйде тұратын Никулиндер жанұясы. Отағасы Сергей Никулин мүлік тұрмақ, баспанасының жөндеуге келмейтінін айтады. Басқа пәтер алатын жағдайы жоқ. Сондықтан, жоғары билікке үміт артып отыр.

СНХ: СЕРГЕЙ НИКУЛИН, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Әкімдіктегілер бағалаушыларды жіберіп, шығын мөлшерін анықтаймыз деді. Содан кейін шешім шығарып, әкімдік бар шығынымызды өтейді. Бізге осылай деді. Әзірге, пәтер жалдап тұрып жатырмыз.

РКС: Бірнеше күнгі жұмыстың арқасында Қылшақты өзенінің суы қайтадан төмендеді. Енді, алаңдауға негіз жоқ,-дейді құтқарушылар. Ал, зардап шеккен әр отбасына 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бір реттік көмек көрсетіледі. Одан бөлек, әр жанұяның шығыны есептеледі. Оның мөлшерін анықтау, қаржылай көмек көрсету сұрақтарымен айналысу үшін арнайы топ құрылған.

СНХ: ҰЛАН БЕЙСЕМБАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ №1 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Сатпаев 9 көшесіне келіп, фото видео фиксацияны және өзінің мекен жайының соның бәрін көрсетіп өтінім білдіруге болады. Қазіргі таңда әкімшіліктің және төтенше жағдай департаментінің арасында арнайы топ құрылған. Солар қарастырады.

РКС: Облыс бойынша Атбасар ауданында жағдай күрделі. Ол жақты кез келген мезетте су басу қаупі бар,-дейді мамандар. Сондықтан, барлық күш құрылымдары, тіпті, Жамбыл облысынан келген қосымша техникалар мен құтқарушылар сол жаққа жіберілген.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ КӨКШЕ АҚПАРАТ