ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда жүр. Халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізуге ықпал етуде. Гуманитарлық көмектің қаншалықты деңгейде ұйымдастырылып жатқанын да өз көздерімен көріп, оны жеделдетуге де жәрдемдесуде. Көкшетауға Мәжіліс депутаттары Айна Мүсірәлімова мен Юлия Кучинская келді.
РКС: Мәжілісмендер мен облыс әкімі алдымен Қылшақты өзенінің бойында орналасқан үйлердің мағындағы жағдаймен танысты. Апаттың салдарымен күресу шаралары тоқтаған жоқ. Құтқарушылар су басқан баспаналар мен аулаларды тазартып, жағалауды барынша нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 200-ден астам адам мен 80-дей техника жұмылдырылған.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қылшақты өзені өз жағасына кірді. Қазір жағдай тұрақты. Кешегі жасалған шаралар өз септігін тигізді. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ. Мысалы 2019 жылы Қылшақты өзені 1 метр 40 см-ге көтерілген. Оның себебі, күзде нөсер жауын болып, жерге су бітіп, аяз болып жер қатты. Ақпан айында аномалдық жағдай орын алды. Салдарынан мына жерде 5 см мұз пайда болды. Даладағы су жерге сіңбей, өзеңге құйылып, деңгейін көтерді. Қазіргі таңда Қылшақты өзенінің деңгейі 90 см. Бірақ бұл штаттық режим. Ең үлкен қауіп өтті. Бірақ босаңдауға болмайды. Қазіргі таңда біз төтенше жағдай ретінде күш жұмылдырып, техника жасап, осындай жағдай боса жеке құрам қызмет жасауға дайын.
РКС: Мемлекет басшысы сенбі күні су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді. Су тасқынының алдын алуға қатысты жұмысты дұрыс жүргізбегендері үшін бірнеше өңірдің әкімдеріне қатаң сөгіс жариялады. Президент жағдайды қалыпқа келтіру үшін шұғыл шаралар қабылдаумен қатар жүйелі жұмыс қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Премьер-Министрдің төрағалығымен республикалық штаб құру, барлық өңірде су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту, ең бастысы, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілді. Мемлекеттік құрылымдарға табиғат апаты салдарынан болған шығын көлемін анықтау және алдағы уақытта осындай апаттардың алдын алу үшін кешенді шаралар қабылдау міндеті жүктелді.
СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Әрбір депутат қазір өз өңірлеріне сапарға шықты. Қазір 8 өңірде өте қиын жағдай болып жатыр. Әріптесім Юлия Кучинскаямен кеше Қоянды ауылында болдық. Өзімізге анализге керекті ақпаратты жинадық. Бұл жағдайда ертең ең бірінші қандац системный проблемалар бар соларды шығарып, көрсету керек. Сұрақтар бар. Жан жақты, неге осындай жағдай болып қалды, соның бәріне анализ болу керек. Қазіргі уақытта ең бірінші халыққа көмек көрсетілу керек. Жергілікті әкімшіліктер қандай шешімге келеді, қандай көмек жасайды, тұрғын үй мәселесін шешуге келу керек. Ең бірінші біз осы проблемаларды көрсетеміз. Депутаттар жиналады. Бәріміз қосылып, жан-жақты қарастырамыз. Жұмыстар жасалып жатыр.
РКС: Табиғи апаттан зардап шеккендерге де қажетті көмек көрсетілуде. Арнайы комиссия құрылып, шығын есептелмек. Бұл туралы шаһарға жұмыс сапарымен келген мәжіліс депутаттары айтты.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ