ДИКТОР: «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 101-бабының 3-1-тармағына сәйкес 31наурызда шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Жексенбі күні еліміздің 14 өңірінде саяси науқан ұйымдастырылды. Ақмола облысында сайлау науқаны Ақкөл, Бұланды, Бурабай, Зеренді аудандары мен Қосшы қаласында өткізілді. Депутаттыққа 23 кандидат ұсынылған. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелері және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтар ұсынды. Таңғы сағат 7-ден барлық учаскелер ашылып, 7 мыңға жуық сайлаушы дауыс берді. Учаскелер талапқа сай жабдықталды және жасырын дауыс беруге арналған кабиналар пердемен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасалған.
СНХ: ӘСИЯ КҮШТАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Сайлау қорытындысы бойынша Сәбит Мұратұлы Дүкенбаев №4 бірмандатты сайлау округі бойынша Қосшы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. №3 сайлау округі бойынша Дулат Болатұлы Болпанов Ақкөл аудандық мәслихатының депутаты болды. Ал Нұржан Төлегенұлы Қаппасов №2 сайлау округі бойынша Бұланды аудандық мәслихатының депутаты, №6 сайлау округі бойынша Әліби Жанболатұлы Оразбаев және Талғат Байкенұлы Әлібеков №8 сайлау округі бойынша Бұланды аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. 14 сайлау округі бойынша Бурабай аудандық мәслихатына Саягүл Айдарқызы Қайыргелдина депутат болып сайланды. №9 сайлау округі бойынша Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына Ербол Болатұлы Сағдиев сайланды.