ДИКТОР: Су тасқыны кезінде төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Жарқайың ауданында іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы жедел штаб құрылды. 20 наурыздан бастап азаматтық қорғау қызметінің мамандары «жоғары дабыл» режиміне көшіріліп, жауапты тұлғалардан кезекшілік кестесі әзірленді.

РКС: Жарқайың ауданының бюджетінен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін 36 млн. 770 мың теңге қаржы бөлінген. 220 тонна инертті материал, 10 тонна жанармай, 4,5 мың құм салынған қап дайындалған. Бұл қаптар қажет болған жағдайда су басқан аймақтарға жеткізілуде. Төтенше жағдайлар кезінде азық-түлікпен қамтамасыз ету және арнайы техника қызметін көрсету бойынша меморандум жасалды. Су тасқынына қарсы жұмыстарға 30-дан аса техника жұмылдырылды.

СНХ: ЖАНБОЛАТ ХАМИТОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жедел штаб жағдайды бақылауда ұстап отыр, әр ауылдық округтен үш сағат сайын ақпарат алудамыз. Пригородное ауылын су басу қаупі бар. Су деңгейін бақылап отырмыз, еріген қар суы даладан келіп жатыр. Суағарлар тазартылды. Инертті материалдар дайындалды, апатты жоюға қаржы бөлінген.

РСК: Метеорологтардың мәліметінше, қарашадан наурызға дейін облыс аумағында 222 мм-ден аса жауын-шашын түскен. Бүгінгі таңда елді мекендерден 55 мың текше метрден аса қар шығарылып, 700 текше метр су сорылды. Аудандық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы ұзындығы 5 шақырымнан асатын 60 арық және су өткізгіш құбырлар тазартылды. Сыйымдылығы 100 адамнан асатын 3 эвакуациялық пункт дайындалды. Облыста барлығы 7 гидротехникалық құрылғы бар, олардың жағдайы қанағаттанарлық және одан сол маңдағы ауылдарға келер қауіп жоқ,- дейді жауаптылар.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ, КӨКШЕ АҚПАРАТ