ДИКТОР: Соңғы бірнеше күн Көкшетаудағы Қылшақты өзенінің су деңгейі 2 метрден астам көтеріліп, жанындағы аумақтарды су басып жатыр. Көшелердің жолын шайған су 20-дан астам көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына да кірген. Сондай-ақ, қала шетіндегі жекеменшік тұрғын үй секторларына да жеткен. Жауапты органдардың атқарып жатқан жұмыстарына қарамастан қызыл су қаупі әлі де қала тұрғындарын әуреге салып жатыр.

STAND-UP:РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Арнасынан асып тасқан Қылшақты өзенінің суы Байдалы және Құлагер көшелерінің бойындағы жер үйлерге кіріп кеткен. Тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып отыр.

БЛИЦ:

--- Вся вода бежит к нам. Вы зайдите посматрите это не возможно. Жить нельзя. Строит нельзя. Вы зайдите это не выносима. Сделан ремонт. Где нам теперь жить.

---Вот в этом году это случилась они говорят что 10 домов. Тут дамов 30-40 затопленных.

--- Это вить не первый потоп. 2021 году был потоп из за ливни. по нему можно было представить что нужно какие то мероприятия проводить. Делать канавы что бы вода ушла в реку.

РКС: Тасыған судың тауқыметін тартқан тұрғынның бірі 3 баланың әкесі Тұрар Сенбаев. Отбасын қауіпсіз аймаққа туған-туыстарына апарып тастағанына 2 күн болған. Үйдің ішіне жиналған суды түн жарымда төтенше жағдай қызметкерлері арнайы құрылғының көмегімен сорған. Таң ата су қайта жиналған.

СНХ: ТҰРАР СЕНБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Кешегі суымыз тізеден жоғары болған. Үйдің ішінде дүние мүлік бүлінді. Бүлінбеген шаруа қалған жоқ. Таңғы 6-дан хабарласып жатырмыз, 1 адам 1 техника келген емес. Үйіміз құлайындеп тұр. Ертең бұл құласа үкімет бізге баспана бермейді. Далада қаламыз ғой балашағамызбен.

РКС: Қызыл судан келген шығын өз алдына. Халық баспанасына кіре алмай өзге жерді паналауға мәжбүр. Бірақ, көмекке зәру тұрғындарға қала халқы қол ұшын созып, аянып қалып жатқан жоқ. Атап айтсақ, су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жылы киім-кешек пен төсек жабдықтарын жинау пукті жасақталды. Ол Қоғамдық келісім үйінің бірінші қабатында орналасқан.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАНОВ, ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қаланың тұрғындары, кәсіпкерлер, зардап шеккендер деп жылы киім алып келді. Тамақ бар. Төсек-жабдық әкелінеді. Арнайы штаб құрылды. Облыс әкімі, оның бірінші орынбасары осы штабты басқарады. Осы пункттегі барлық зат таратылатын болады. Демалыссыз жұмыс істейміз. Арнайы кезекшілік те құрылды.

РКС: Қала тұрғындарына жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетіп жатқан зиялы қауым өкілдері де аз емес. Соның бірі қоғам қайракері Шияп Әлиев.

СНХ: ШИЯП ШАРАПҰЛЫ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Елімізде малға да, жанға да қатты болды. Естіп жатқан шығарсыздар қаншама мал шығын болды. Әсіресе мына облыстарда қардың қалыңдығы 2 метрден жоғары болды. Үйлердің бәрін басып кеткен болды. Соның салдарынан қазір еріп, су тасқыны жол алып жатыр. Дегенменен бұл апат. Сондықтан мен сіздерді сабырлыққа шақырамын. Өздеріңіз де жұмыс істеп бірігіп, көмектесіп жергілікті атқару мекемелеріне көмектесіп. Тазалап судың жолын ашып әрекет жасауға шақырамын.

РКС: Азық-түлік пен қажетті заттарды қабылдау жұмыстары жалғасуда. Жиналған көмек зардап шеккендерге таратылады. Ассамблея мүшелері тәулік бойы жұмыс істеуде. Штаб қызметкерлері волонтерлер мен құтқарушыларға ыстық тамақ жеткізуді қамтамасыз етуде.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ