ДИКТОР: Әлемнің 76 процентке жуығында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң бар. Әйелдер құқығын қорғауға маманданған заңгерлер отбасындағы зорлық-зомбылық ең көп кездесетін қылмыстың бірі екенін айтады. Нәзік жандыларға күш көрсететіндер түрлі мамандық иелері, түрлі дін мен саяси көзқарастың өкілдері болуы мүмкін. Біліміне, өмір сүру деңгейіне, зиянды әдетке тәуелділігіне қарамайды.

РКС: Көкшетау қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында қаралатын істердің негізгі санаты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтың 73-бабында көзделген отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар. Ол әдепсіз сөздер айту, қорлау, тұрмыстық заттарға зиян келтіру, сондай-ақ бірге тұратын жандарды құрметтемеу, олардың тыныштығын бұзу тағы басқа әрекеттер.

СНХ: ДӘУРЕН ЛАМАШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 2023 жылы 781 іс түсіп, оның 739-ы қаралды. Оның ішінде тең жартысынан астамы медиация тәртібімен тоқтатылды. 2-бөлім бойынша 36 іс түсіп, 28 қаралды. Жыл басынан бері 2 айда 203 іс қаралды, оның 108-і медиация тәртібімен тоқтатылды.

РКС: Отбасылық жанжал үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамға ескерту беріледі немесе 5 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. Бір жыл ішінде сол адам қайта қылмыс жасаса, 10 тәулікке қамауға алынады. Қол көтерген үшін 10 тәулікке, тағы қайталанса 20 тәулікке қамауға алынады. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін – 15 тәулік, осыған ұқсас заңсыз әрекеттерді қайталағаны үшін – 25 тәулікке қамауға алынады.

СНХ: ДӘУРЕН ЛАМАШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Әкімшілік полицияның арсеналында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңның 20-бабы – «Қорғау тәртібі» бар екенін атап өткен жөн, ол қандай да бір түрде бұлтартпас және жазбаша түрде қызмет етеді. 30 күнтізбелік күн ішінде сол күш көрсеткен тұлға тарапынан заңсыздықты қайталамау және аптасына бір рет тәртібі тексеріледі. Қорғау тәртібін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

РКС: Сонымен қатар, отбасында күш көрсететін адамның мінез-құлқына ерекше талаптар қойылуы мүмкін. Бұл ретте сот жәбірленушіні, сондай-ақ оның отбасы мүшелерін қорғау мақсатында отыз тәулікке дейін әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға құқылы. Яғни, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген жәбірленуші күш көрсеткен адаммен 30 күнге дейін бір үйде тұруға тыйым салынады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ