ДИКТОР: Жеке тұлғалардың өткен жылға көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелері мен көпбалалы аналар салық төлеуден босатылады. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азаматтар да көлік салығын төлемейді. Салықтар бойынша берешектің бар-жоғы туралы мәліметтерді жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының көмегімен тексеруге болады. Немесе «@SalyqBot» telegram желісінде не болмаса Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында көруге мүмкіндігі бар.

СНХ: ШЫНАР МУСИНА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бірінші сәуірден төленбеген жағдайда әр күн үшін өсімпұл алынады. Салық төлеушіге автоматты түрде хабарлама жіберіледі. Егер ол 30 күн ішінде орындалмаса салық бұйрығы шығарылады. Салық хабарламасы орындалмаған жағдайда берешек сомасы 1 айлық есеп көрсеткішінен асатын борышкерлердің тізімдерін өндіріп алу үшін, жеке сот орындаушыларыға жіберіледі.