ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы - кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек деген болатын. Кітап оқуға деген құштарлық ерте жастан басталуы керек, оған қажет оқулық, шығармалар кітапхана сөрелерінде жеткілікті,- дейді кітапханашылар.

ИНТЕРШУМ: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба...

РКС: Абай Құнанбаевтың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып тұрған Көкшетаудағы нөмірі 9 мектептің оқушысы - Шахназар Бекболат. Кітап оқуға деген құштарлығымды атам мен әжем оятты, олар осыдан бірнеше жыл бұрын балалар кітапханасына ертіп әкеліп, кітап таңдауды үйретті. Білмеген сөздерімді түсіндіріп, баулыды. Содан кітапқа деген қызығушылығым оянды,- дейді.

СНХ: ШАХНАЗАР БЕКБОЛАТ, №9 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Мен үшін кітапхана ол рухани қазына, өйткені ол кітаптардың қоймасы. Және бұрыннан сақталынатын мәліметтер көп. Кітап оқи отырып, біз ой санамызды кеңейтіп, тіл байлығымызды арттырамыз. Кітап көп оқысақ өзіміздің ана тілімізде сөйлейміз./

РКС: Кітап оқитын ұлтқа айналу отбасынан басталады. Көкшетаулық Дәрия да кітап оқуды 7 жасынан бастаған. Алғаш рет кітапханаға атасымен келген ол бүгінде қазақ және шетелдік жазушылардың көптеген шығармаларын оқып тауысқан.

СНХ: ДӘРИЯ ӘПСӘЛӘМОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН №3 МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Адам кітап оқыған соң өзінің көзқарасын,дүниетанымын, ой танымын кеңейтеді. Сол үшін мен көп кітап оқуға тырысамын. Және онлаин емес, кітапханаға келіп оқуға кеңес беремін,солай тиімдірек. Осы уақытқа дейін мен көптеген фантастикалық кітаптарды оқыдым. "15 жасар капитан", "Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары", Б.Соқпақпаевтің "Чемпион" деген шығармаларын оқыдым.

СНХ: БАҚЫТГҮЛ ҒАЛИЕВА, БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Балалар қызығушылықпен келеді. Осы кітапхана қорында 10 мыңнан аса кітап қоры бар. Оқырмандар саны 2 жарым мыңнан артық. Балалар әртүрлі жанрды фантастика, детектив, көркем шығарма, өлең жырларды оқығанды ұнатады.

РКС: Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқитын ұлтқа айналу үшін кітапханалардың, баспалардың жұмысын жандандыру керектігін де айтты.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ