ДИКТОР: Әдістемелік бірлестік - мектептің ғылыми, әдістемелік жұмысындағы басты құрылымы. Ол бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу- тәрбиелілік, сараптамалық және сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асырады. Қысқаша айтқанда, әдістемелік бірлестік ең қолайлы, оң нәтиже беретін жұмыс. Бірлестік ұдайы жаңашылдықтарды жетілдіріп отыруы тиіс. Осыған орай қалалық №4 орта мектепте «Үздік әдістемелік бірлестік» байқауы өтті.

РКС: Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқауда пән бірлестіктері жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстарын көпшіліктің талқысына салады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Алғашқысынан сүрінбей өткендер екіншісінде ұстаздың еңбегін көрсетеді. Мәселен, математика, информатика және физика пән бірлестігі робототехника бағытында үздік мұғалімді таныстырды.

СНХ: АНАР ҚАБДУЛИНА, №4 ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ: Игорь Смольников әріптесімнің оқу жылында жеткен жетістіктері туралы айтамын. Мәселен, қыркүйек айында оның оқушылары робототехника бойынша республикалық жарысқа қатысты. Сондай-ақ, IT-лицей базасында робототехника байқауында бақ сынап, 2-ші орынға ие болды. Айта кету керек, бұл ұстаз биыл цифрлық сауаттылық пәні бойынша оқу бағдарламасына сараптама жүргізгені үшін ҚР Білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

РКС: Байқаудың алғашқы кезеңінде түскен материалдарды сараптау, баға беру, атқарған жұмыстарын көрсету. 2-ші кезеңде үздік портфолио таныстырылады. Білім ошағының ұжымы ұстаздардың жұмысын тек осындай конкурстардан ғана көре алатындарын айтып отыр.

СНХ: НҰРСӘУЛЕ МҰРАТҚЫЗЫ, №4 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл жалпы білім беру мектептердің барлығында бар. Бір бағытта оқытатын, мазмұнын беретін пәндер бірлескен. Барлығында сәйкесінше пән мұғалімдері топталған. Сол топтасу арқылы жалпы мұғалімнің жұмысы қандай болады, қандай әдістемелік жағынан қиналады, қандай қолдау көрсету керек. Осы бағыттағы жұмыстардың барлығы осы әдіс бірлестік ішінде талданады, таратылады. Мысалы бір директор 200 адамға шамасы келмеуі мүмкін, сондықтан мектеп ішіндегі әдіс бірлестігінің жетекшілері бұл іштегі пәннің жүйесін, азмұнын насихаттап, таратып, түсінбеген жерді талдап деген сияқты рөлдері осы.

РКС: Байқау қорытындысы бойынша «Дамыту пәндері» мен «Дене шынықтыру және спорт» бірлестігі үздік үштікке енді. 2 орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» бірлестігі иеленсе, «Математика, информатика, физика» пәндерінің әдістемелік бірлестігі 1-ші орынды еншіледі.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ