ДИКТОР: Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, жамбы ату, құсбегілік, теңге ілу және садақ тарту сынды ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Бүгін Наурызнама онкүндігінің жетінші күні. Яғни, Ұлттық спорт күні. Осы орайда, Көкшетау тұрғындардарының назарына спорт түрлері ұсынылуда. Әріптесім, Лаура Дәулетбек баяндайды.
ИНТЕРШУМ: шараның басталуынан көріністер
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Наурызнамада белгіленген ұлттық спорт күніне орай облыс орталығында түрлі іс-шара ұйымдастырылуда. Соның бірі Салтанат сарайында өтіп жатыр.
СНХ: ЕРІК МҰРАТБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Бірнеше спорт ойындарынан жарыстар өткізіп жатырмыз. Ол қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту ойыны. Одан кейін тазы көрмесі болады. Ұлттық ойындарды насихаттап, халыққа көрсетіп, халыққа таныту мақсатында іс-шараларды жасап жатырмыз. Халық білу керек өзінің дәстүрін, спорт ойындарын.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Ел ішінде өтетін кез-келген мереке ұлттық ойындарсыз өтпейді. Әсіресе, қазақ қүресіне басымдылық беріліп отыр. Қазақша күрес – қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан спорт ойындарының бірі. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзіндік ерекшеліктері көп.
СНХ: НҰРАСЫЛ ӘЛҚОЖА, ПАЛУАН: Мен қазақ күресімен бір жарым жыл айналысып жүрмін. Маған қазақ күресі қатты ұнайды. Себебі, осы қазақ күресінде өзіміздің денемізді шынықтырып және де осы қазақтың спортың дамытқымыз келеді. Мен барлық жасөспірімдерді қазақ күресіне шақырамын. Өйткені, бұл біздің ұлттық спортымыз.
РКС: Ертеден келе жатқан көне ойынның тағы бір түрі асық ату. Бұл ойын арқылы бала жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа және ұстанымдылыққа тәрбиеленеді.
СНХ: АҚАРЫС САҒИДУЛЛАЕВ, СПОРТШЫ: Асықтың бізге пайдасы ол денемізді қыздырады, дене бұлшық еттерін қозғалтады. Пайдасы өте зор. Асық ойнаған қызық.
РКС: Облыс орталығында ұлттық ойындардың түр-түріне қатысып, бақ сынап жатқандардың қарасы қалың. Бүгінгі күн ұлттық спорт түрлерін жаңғыртып, салауатты өмір сүру салтына көшуге мүмкіндік бергендей.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ