ДИКТОР: Көкшетауда "Әдепті келін - отбасы көркі" атты келіндер байқауы өтті. Өңірдің бірнеше ауданынан келген 5 қатысушы үздік келін атану үшін бақ сынады. Байқаудың мақсаты - келіннің отбасындағы рөлін арттыру, туыстар арасындағы байланысты нығайту және жастарды ұлттық салт-дәстүр рухына тәрбиелеу.
ИНТЕРШУМ: байқаудың басталуы
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: «Сәлем – сөздің анасы» деген халық даналығы бар. Алдымен үміткерлер өрнекті сөз, көрікті оймен өздерін таныстырды. Келіндердің сөз саптауы, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы, киген киімі бәрі бағаланды. Екінші кезеңде салт-дәстүр насихатталды. Соңғы кезеңде «Өнегелі де өнерлі келін» - бұл кезеңде байқауға қатысушылардың шығармашылық қабілеті көрсетілді.
ИНТЕРШУМ: салт-дәстүр кезеңінен үзінді
РКС: Қазылар алқасының мүшелері байқау қатысушыларының өнерін оң бағалады. Сонымен қатар, сайысқа қатысқан келіндеріне қолдау білдірген ата-енелері мен туысқандарының ауызбіршілігіне риза екендерін жеткізді.
СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Осы келіндерге баға беру мен үшін өте қиын болды. Әр қайсысы сондай ақылды да, саналы да. Келіп жатқан отбасылар қандай мықты. Әсіресе Степногорск қаласынан келіп келінін қолдаған ата-енесіне риза болдым.
STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Степногорск қаласының келіні Динара Сабдина облыстық келіндер байқауының жүлдегері. Динара ханым көңіл-күйіңіз қалай?
СНХ: ДИНАРА САБДИНА, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ: Армысыздар қазақ халқы! Барлықтарыңызды келіп жеткен Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймын! Көңіл-күйім өте тамаша. Осы байқаудың бас жүлдесін ұтып алдым. Көптен-көп рахмет айтамын ұйымдастырушыларға. Осындай қазақтың келіндері жасасын деймін. Бұл байқауға бір жұмадай уақыт арнадым. Таныстыруға өлең жаза бастадым.
РКС: Ал екінші орынды Ерейментау ауданының келіні Жанар Хуандаг еншілесе, үшінші орынды көкшетаулық келін Толғанай Дәуітова иеленді.
ИНТЕРШУМ: марапаттаудан үзінді
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ