ДИКТОР: Биыл Наурыз мерекесі қарсаңында өңірде 5 мыңнан астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Аймақта Ұлттық мейрам наурыздың 14-і мен 23-і аралығында 10 күн бойы тойланбақ. Аталмыш шараға жергілікті қазынадан 96 миллион теңге бөлінді.

РКС: Әр күнге атау беріліп ұйымдастырылатын іс-шара жалпыхалықтық мерекенің мән-мазмұнын аша түспек. Биыл Наурыз мейрамы ерекше аталып өтіледі деп жоспарлануда.

СНХ: АЙГҮЛ СӘБИТОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіндегі сұхбатында: «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек» деп айтқан еді. Биыл Ақмола облысында Ұлы мереке – Наурыз мейрамы жаңаша, ерекше нақышта тойланады. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, 14-23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігі аясында әр күн белгілі бір тақырыпқа арналады.

РКС: 14 наурыз - Көрісу күні. Дәстүр бойынша көршілерге сәлем беретін мезгіл. Бұл күні алғаш рет Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының мәдениет майталмандары мен қайраткерлері ызғарлы қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қауышпақ.

СНХ: АЛМАС АЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мерекелік онкүндік Амал мерекесінен басталатын болады. 15 наурыз- қайырымдылық мерекесі болып есептеледі. Қоғамда қайырылымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі адамдардың бір-біріне жанажылдығы. Өз ара көмек көрсету, халықты біріктірудегі үлкен жол. 16 наурыз - мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күні ұлттық салт-дәстүр насихатталады. 17 наурыз - шаңырақ күні. 18 наурыз - ұлттық киім күні. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабаларымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан әдеп-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. 19 наурыз - жаңару күні. Бұл күні ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылады. 20 наурыз - ұлттық спорт күні. 21 наурыз - ынтымақ күні. 22 наурыз жыл басы. Барлық қалалардың алаңдарында этно ауылдар ашылып, ұлттық мәдениеттің байлығын паш етеміз. 23 наурыз - тазару күні. Ол күн ұлттық экологияға арналған.

РКС: Наурыздың 14-і мен 20-сы аралығында "РИО" сауда ойын-сауық орталығында креативті индустрияны қолдау аясында тұңғыш рет "Көшпенділер мұрасы" атты open space өтеді. Сондай-ақ, жетекші креаторлардың қатысуымен қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру да жоспарланып отыр.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ