ДИКТОР: Степногорск қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 мектебінде дамуында ерекшелігі бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді. Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы «SAMRUK-KAZYNA TRUST» және «Дара» қорларының қолдауымен ашылған.

РКС: Инклюзияны қолдау кабинетіне 1 мен 6-сынып аралығындағы психикалық дамуының кешігуі, сөйлеу қабілетінің жалпы дамуында және ой-өрісінде жеңіл бұзылысы бар 57 бала қолдау келеді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру орталықтың көздегені. Кабинет 10 балаға дейін оқытуға арналған.

СНХ: ӘСЕЛ ЕСЕНАМАНОВА, Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Балалармен жеке дара жұмыс жүргізіледі. Диагностика қорытындысына сәйкес, инклюзияны қолдау кабинетінен балалар біршама жақсы нәтижемен шығады. Біздің көздегеніміз де осы.

РКС: Заманауи жабдықталған инклюзия кабинеті ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Кабинет командасында 4 адам жұмыс істейді: педагог-психолог, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектолог, әлеуметтік педагог. Инклюзивті білім беру ресурстық орталығының мұғалімдері әр оқушыға жеке даму бағдарламасын әзірлейді. Олар балаларға мектеп бағдарламасын игеруге, сыныптастарымен, пән мұғалімдерімен өзара әрекеттесуге көмектеседі.

СНХ: САМАЛ ШЕРМАҒАНБЕТОВА, ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТІНІҢ МҰҒАЛІМ-ДЕФЕКТОЛОГЫ: Біздің ресурстық орталықтың міндеті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру ортасына толық әрі тиімді қосуға қажетті жағдай жасау. Біз кешенді-ғылыми әдістеме жасап шығарамыз. Ол мұғалімдерге, балаларға, ата-аналарға арналған. Ресурстық орталық базасында келесі жұмыстар жүргізілуде. Олар: психологиялық-педагогикалық қолдау, ата-аналарға, мұғалімдерге консультация жүргізу, консультациялық-әдістемелік көмек көрсету, білім беру бағдарламаларын әзірлеу.

РКС: Өңірде білім беру мекемелерінде кедергісіз білім ортасын қалыптастыру өзекті мәселенің бірі. Айта кетейік, облыс аумағында инклюзивті білім беруді қолдаудың 40 кабинеті жұмыс істейді. Онда ерекше білім беру қажеттілігі бар 600-ден астам бала қатысады.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ