ДИКТОР: Зеренді ауданы әкімінің орынбасары масаң күйде көлік жүргізгені үшін қызметінен босатылды. Бүгін әдеп жөніндегі кеңес отырысында Есімхан Байғаболовқа қатысты тәртіптік іс қаралды. Жиын күн тәртібіне мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік істері шығарылды.

РКС: Әлеуметтік желіде Зеренді әкімдігінің қызметтік көлігі Көкшетаудағы айыппұл тұрағында тұрғаны таралған. Зеренді ауданы әкімінің орынбасары масаң күйде көлік тізгіндеп, әкімшілік қамауға алынған.

СНХ: БАУЫРЖАН НҰРМАҒАМБЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: 28 қаңтар күні Есімхан Байғабылов Көкшетау қаласындағы "KiaCadenza" қызметтік көлікті масаң күйде жүргізгені анықталды. Сот қаулысымен Байғабылов "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексі бойынша кінәлі танылып, 15 туәлікке қамауға алынған. Сонымен қатар, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды. Сот қаулысы ақпанның 26-сы күні күшіне енді.

РКС: Масаң күйде көлік тізгіндеген Зеренді ауданыны әкімінің орынбасары Есімхан Байғабыловты жұмыстан босату керек. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері оған қатысты осындай шешім қабылдады. Оның өзі жиынға келген жоқ. Келесі мәселе Сабыр Жалмұқановқа қатысты. Бурабай кентінің әкіміне “СК Содружество” серіктестігінің директоры шағым түсірген.

СНХ: ЕРТАС БУКАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Шағымданушы аудиоазба ұсынды. Онда Жалмұқанов сметалық құжатта көзделмеген қосымша жұмыстарды орындауды талап еткені жазылған. Айта кетейн былтыр "Бурабай кенті әкімінің аппараты" мен “СК Содружество” серіктестігі арасында шарт жасалған. Шартта компания Бурабай кентіндегі көшеде тұрақ алаңын абаттандыру жұмыстарын орындап, әкімдік серіктестікке 42 млн. теңге төлеу қарастырылған. Компания шартта белгіленген жұмысты уақытылы орындаған. Алайда, құжатта көзделмеген талаптар орындалмағанына байланысты Жалмұқанов қабылдау мерзімін әдейі созып, қолын кеш қойған.

РКС: Бұл ретте Сабыр Жалмұқанов өз кінәсін мойындаған жоқ. Айтуынша, прокуратура бұл істі бір жақты қарап отыр.

СНХ: САБЫР ЖАЛМҰҚАНОВ, БУРАБАЙ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ: Мердігер компаниямен екі шарт жасастық. Біріншісі көпфункционалды футбол алаңын абаттандыру жобасы. Шарт 223 жылдың 17 сәуірінде жасалды. Алайда, серіктестік міндетін орындаған жоқ. Яғни, футбол алаңы қойылмады.

РКС: Жиын соңында Сабыр Жалмұқановқа қатаң сөгіс беру туралы шешім қабылданды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ