ДИКТОР: Көкшетауда "Жемчужина Бурабай" атты жүзуден республикалық турнир осымен 11 жыл қатар ұйымдастырылды. Бұл жолы іс шараға қатысушылар саны көп, еліміздің 14 облысынан 400-ге жуық спортшы келген.
ИНТЕРШУМ
РКС: Үш күнге созылған жарыста 2013 жылғы және одан кіші жастағы ұл-қыздар сынға түсті. Жүзу бірнеше қашықта – 50, 100 және 200 метрде және шалқалап жүзу, брасс, баттерфляй, эстафета және еркін жүзу сияқты түрлерден өтті.
СНХ: УЛЬЯНА ЦАЙДЕР, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ (РУДНЫЙ Қ.): Жүзумен айналысқаныма 6 жыл болды. Бұл жарыстарда 100, 200, 50 метрге дейін жүзіп шықтым. 100 метрге жүзіп, бірінші, 200 метрде екінші болдым, 50 метрде де бірінші келдім. Маған бұл спортпен шұғылдану өте ұнайды, суда жүзу менің сүйікті спортым. /
СНХ: ЖАНСЕЙІТ ЖАНБОЛСЫН, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ (АТЫРАУ Қ.): Мен 200 метрге еркін жүзуде 2 минут 31 секунд, 50 метрге жүзуде 30 секундта келдім. Осы жарысқа дайындаған бапкеріме алғыс айтамын.
РКС: Ақмола облысының жүзуден аға жаттықтырушы Валерий Крутовтың айтуынша, бұл турнир спортшылардың ашылуына көмектеседі. Осындай турнирлерде кәсіби спортқа қадамдарын бастайды. Азия чемпионатының жүлдегерлері Диана Тасжанова мен София Әбубәкірова спорттағы жолын осындай жарыстардан бастаған дейді.
СНХ: ВАЛЕРИЙ КРУТОВ, ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Бұл жарыстар жас спортшылар үшін өте жақсы мотивация болады. Яғни, олар мұнда республиканың ең мықты спортшыларын көріп, соларды үлгі ете отырып, жаттығып, нәтижелерін одан әрі жақсартуға, облыс, республика намысын қорғауға тырысады. Бұл балалардың алар асуы әлі алда.
РКС: Жарыстың алғашқы күнінде құрама эстафеталық тәртіпте ақтөбелік команда үздік атанды. Екінші күні қыздар арасында да еркін стильде ақтөбелік спортшылар топ жарды. Ұлдар арасында астаналық жүзушілер көш бастаса, жарыстың үшінші күнінде аралас эстафеталық жүзуден ақтөбеліктер 1-орынды жеңіп алды.
М.АЙБАБИНА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ