ДИКТОР: Степногорск қаласындағы «Айгөлек» №1 балабақшасының іргетасы 1992 қаланған. Осы уақытқа дейін аталған нысанның асханасы бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Былтыр балабақша басшылығы бұл мәселені қолға алып, толықтай жөнделді. Жаңа құрал-жабдықтармен жарақтандырылды.
РКС: Асхананың су құбыры, кәріз бен өрт дабылы, жылыту және желдету жүйелері жаңартылған. Бөлме жарығы ауыстырылып, едені мен қабырғалары да жаңа түрге енді.
СНХ: АЛТЫН МӘКІШЕВА «АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі екені белгілі. Степногорск қаласын дамытудың кешенді жоспарының арқасында балабақша асханасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ет сақтайтын, ыстық тағам дайындаутын орын, көкөніс сақтайтын шағын қойма, лифт, қызметкерлер бөлмесі қайтадан жаңартылды. Конкурстық негізде Шортанды ауданының "Мадияр» жеке кәсіпкерлігі ұтып алды.
РКС: Балабақшада 200-ге жуық бүлдіршін тәрбиеленуде. Білім беру ұйымының ерекшелігі оқу-тәрбие үдерісіндегі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту. Мұғалім-логопедтердің мақсаты, әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар балаларды дер кезінде анықтап, көмек көрсету. Сабақ барысында нейрожаттығулар, құм терапиясы, ертегі терапиясы, асық және STEAM сияқты заманауи технологиялары жүзеге асырылады.
СНХ: НАТАЛЬЯ МАРТЫШЕВА, «АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МҰҒАЛІМ-ЛОГОПЕДІ: 32 жылдан артық логопед болып еңбек етемін. Біз сөйлеу бұзылысы мүлдем нашар балалармен жұмыс істейміз. Алдымен, баланы тексерістен өткіземіз. Оны бақылаймыз. Одан кейін барып бағдарлама жасақтаймыз. Егер баланың тілі шықпаған болса, оның сөйлеп кетуі үшін түрлі техникалар қолданылады. Мысалы, дыбысты қою, сөздік қормен жұмыс істейміз.
РКС: Қазіргі қоғамда тілі мүкіс не уақытынан кеш шыққан балалар саны көп. Кекеш, жасы екі-үштен асса да, анық дыбыстай алмайтын, физиологиялық және психологиялық ауытқулары бар балалардың көбеюі ата-аналарды алаңдатыны анық. Бала тілінің кеш шығуының себептері де әртүрлі.
СНХ: АҚМАРАЛ ОСПАНОВА, «АЙГӨЛЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МҰҒАЛІМ-ЛОГОПЕДІ: Ұялы телефон және теледидар, ата-аналардың балаларымен сөйлеспеуінен. Балалармен үлкен кісі ретінде, ата-ана ретінде сөйлесу керек. Әңгімелесу керек. Қандай күн, апта, даланың ауа райы жайлы. Қарапайым тілде жиі сөйлесу керек. Сұраққа жауап бере алу керек. Бала да сұрақты түсініп, түсінігімен жауап бере алуы керек.
РКС: Балабақшада 12 топ жұмыс істейді. Алдағы уақытта балабақшада қазақ топтарының санын көбейту жоспарланып отыр.
МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ