ДИКТОР: Бүгін Көкшетау қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернатында балаларға арналған «Мечта» жазғы мектеп лагерінің алғашқы маусымы салтанатты түрде ашылды. Инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған «Qolqanat» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылған бұл шара Халықаралық балаларды қорғау күні және «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасы аясында өтті.
РКС: Лагерь тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында жобаның бастамасымен балалар мультфильмдерінің кейіпкерлері - аниматорлар шақырылып, түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұсынылды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ОЛЬГА БУРДИНСКАЯ, №1 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін біздің мектепте үлкен мереке. Осы орайда, бізге әрдайым қолдау көрсетіп жүрген демеушілерімізге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Уақыт тауып, мектебімізге арнайы келіп, қуанышымызды бөліскендеріңіз біз үшін үлкен мәртебе. Бүгін «Мечта» жазғы лагерінің ашылу салтанаты сәтті өтті. Мерекеге орай Shin-Line компаниясы барлық балаларға балмұздақ таратты. Тұрақты серігіміз - «Қолқанат» әлеуметтік жобасы да үлес қоса білді. Сонымен қатар жыл сайын дәл 1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында бізге келіп, қолдау көрсететін Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері биыл да балаларды қуантты. Олар лагерь тәрбиеленушілеріне түрлі спорттық жабдық сыйлап, мерекенің маңызын арттыра түсті.
РКС: Жыл сайын «Мечта» лагеріне қолдау көрсететін демеушілердің қатары артып келеді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті тарапынан 104 балаға арнайы мерекелік дастарқан жайылып, түрлі тәтті-дәмділер ұсынылды. Сонымен қатар, басқа да демеушілер балаларға арнап тегін балмұздақтар таратты және спорттық жабдықтар сыйға тартты. Бұл - демеушілердің балаларға көрсеткен шынайы қамқорлығы мен қолдауының жарқын көрінісі болды.
СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аманат партиясы жанындағы бізде әйелдер қанаты құрылған. Екі жыл болды. Сол әйелдер қанатының бастамасымен бізде үлкен жоба іске асырылып келе жатыр. Қолғанат жобасы. Ол ерекшелігі бар балаларды қорғау. Ерекше бала асырап отырған аналарды қолдау мақсатында. Осы ашылуына біз «Аманат» партиясы жыл сайын келеміз. Әртүрлі тематикадағы тақырыпты жазғы демалыста балаларға бастайды мектеп ұжымы. Биыл да келіп, партияның атынан, бірге істеп жатьқан серіктестерімізбен бірігіп балаларға тәтті дастархан ұйымдастырдық. Біздің қоғам белсенді, бей-жай қарамайды. Балаларға бүгін жақсы көңіл-күй сыйладық деп ойлаймын.
РКС: Айта кетейік, аталған лагерьде қауіпсіздік техникасына байланысты сабақтар, би сайыстары, сурет байқаулары, театрландырылған қойылымдар және көптеген танымдық әрі көңілді бағдарламалар қамтылған. Ашылу салтанатында балалар өлең оқып, би билеп, көңіл көтеріп, ерекше қуанышқа бөленді. Іс-шараның соңында тәтті дастарханнан дәм татты.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.