ДИКТОР: Ақмола облысының Зеренді ауданында мал бағып жүрген 37 жастағы ер адам мен оның 9 жастағы ұлына найзағай тиіп, мерт болды. Оқиға кеше Ақадыр ауылының маңайында болған. Қатты жаңбыр жауып, найзағай соққан, оның жарқылы екеуін де ажал құштырды. Дәл осындай қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында орын алды. Онда жылқы бағып жүрген 38 жастағы ер адамға күн түсіп, қайтыс болды.