ДИКТОР: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай мен қоғамдық кеңестерге қатысты айтқан сөздері еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды бағыттарды айқындайды. Ол бұл құрылымдарды халық пен билік арасындағы диалогты нығайтуға, ұлттық бірегейлікті сақтауға және қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге арналған маңызды институттар ретінде қарастырады. Бұл процестердің негізгі бағыттары мен тетіктері өз нәтижелерін беруде. Сонымен қатар жастар арасында ұлттық бірлік пен патриотизмді насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, «Ассамблея – бірлікке жол» мегажобасына Көкшетау қаласының барлық мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары қатысуда.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайды «Халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым» деп сипаттады. Мемлекет басшысы қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру қажеттігін атап өтті. Ол қоғамдық кеңестердің қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде белсенді роль атқаруы тиіс және олардың жұмысына азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету керектігін айтты. Ақмола облысында 274 бастауыш партия ұйымы тіркелген. Облыстық, қалалық мәслихат құрамында экономика, әлеуметтік мәселелер, экология және аграрлық даму бойынша тұрақты комиссиялар жұмыс істейді. Бұл құрылымдар қоғамдық тыңдаулар өткізіп, жергілікті мәселелерді талқылап, оның жүйелі орындалуына ат салысып келеді. Биыл 14 ауылдық округ әкімінің сайлауы өтіп, нәтижесінде партия үміткерлері жеңіске жетті. «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,4 миллион теңгенің 300-ге жуық жобасы қаржыландырылды. «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасы аясында 630 адам курстан өтті.

СНХ: АҚМАНАТ ӘЛІМБЕТОВА, «АMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өздеріңіз білесіздер, соңғы мынау 3 жылда саяси реформалар жүзеге асырылып жатыр. Оң өзгерістер әлі де болады, - деп айтты біздің Президент Ұлттық Құрылтайда. Ол не үшін керек? Яғни, қоғамға халықты белсендіре қатыстыру. Яғни, қоғамды жалпы өздерімен-өздері шешім қабылдап және соған жауапты болуға тарту. Енді жалпы қоғамды толғандырып жатқан, қоғамда көтеріліп жатқан мәселелерді біздің «AMANAT» партиясы, біздің депутатар бей-жай қарамай алаңдарда талқыланады әрбір жасалып жатқан, құрылыс жүргізіліп жатқан біздің жол карта болсын, одан бөлек Үкімет тарапынан бюджет саласында салынып жатқан обьектілер бар, соның барлығына қоғамдық бақылу мониторингі жүргізіледі.

РКС: Облыста 600-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олар әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсету, гендерлік теңдік, инклюзия және жастардың әлеуметтенуіне қатысты бағыттарда белсенді жұмыс атқаруда. 2025–2027 жылдарға арналған Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді. Кеңес құрамына түрлі сала өкілдері, оның ішінде партия мүшелері, педагогтар, журналистер және қоғам қайраткерлері енген. Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етіп, азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Облыста 21 ақсақалдар, 100-ден астам аналар кеңесі жұмыс істейді. Олар халық бірлігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізеді. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды насихаттап, жастар тәрбиесіне үлес қосуда.

СНХ:ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Мысалы көбінесе жанұялардағы әйелдермен қарым-қатынасы, ерлі-зайыптының арасындағы міне. Бүгінгі күні солармен көп іс-шаралар жасаймыз. Соның ішінде мектептерде болып жатқан мәселелер, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы, одан кейін балалардың арасында бір-біріне күш көрсету сол сұрақтарды біз көп көтереміз. Школдың ішінде әке-шешелерімен, аналармен кездесіп, түсіндіріп жатырмыз. Соның бәріне бүгін ел болып,халық болып соны қолға алуымыз керек.

РКС: Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайда қоғамдық әдепті реттеу, теріс ағымдар мен ұлттық болмысымызға жат идеологияларға тосқауыл қою, отандық кино және анимация өндірісіне идеологиялық тұрғыдан мән беру мәселелерін көтерді. Ақмола облысында осы жұмыстарды кеңінен насихаттау бағытында ақпараттық-насихаттау топтары құрылды. Олар Президент жолдауларын, ұлттық бірлік доктринасын және басқа да маңызды құжаттарды түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ