РКС: Ақмола облысына қарасты Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласына 80 жыл. Аудан жұртшылығы өткен аптаның соңында шағын шаһардың мерейтойын барлық сән-салтанатымен думандатты. Спорттыш шаралармен қатар қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары бұландылықтардың көңілін көтеруге арнайы келді.

РКС: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 18 мамырдағы Жарлығымен Макинка жұмысшылар поселкесі аудандық бағыныстағы қала болып өзгертіліп, оған Макинск атауы берілді. Шаһардың іргетасы қаланған күннен бүгінге дейін, бұл қала даналықтың, күш пен төзімділіктің жарқын үлгісіне айналып келеді.

СНХ: АРДАҚ СМАЙЫЛОВ, БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін Макинск қаласына 80-жыл толып отыр. Баршамызға құтты болсын. Халық үшін үлкен той ұйымдастырудамыз. Осы шараға байланысты ұлттық спорттық ойындар да өткізіп отырмыз. Тазы жарысын, ат бәйгесін, күрес басқа да спорттық шаралар өткізіп отырмыз. Жалпы осындай шаралар халықты достастырады, біріктіреді. Макинск қаламыз гүлдене берсін. Макинск дами берсін деймін.

РКС: Ауыл тұрғындарына керемет эмоция сыйлап, ерекше әсер қалдырған қазақтың ұлттық ойындары республикалық деңгейде өткізілді. Бағдарлама бойынша аламан бәйге, тазы жарысы, қазақша күрес ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Ат пен шабандоздың бабы сыналатын, қазақтың дәстүрлі ұлттық ойыны деп танылған аламан бәйгеге 32 сәйгүлік қатысып, жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Барлық қатысушы шабандоздар елдеріне жүлдесіз қайтпады. 1 орынды Астана қаласынан келген Бақыт Торғаев қанжығаласа, 2 орынды Петропавл қаласының өкілі Серік Әмір, ал жүлделі 3 орынды Қарағанды қаласының өкілі Нұржан Жанат есімді шабандозы иеленді. Ал, тазылар жарысына 64 тазы қатысты. Тазылар арасында жүлделі орындар мен арнайы номинациялар тағайындалды. Оның ішінде «Ең жас тазы баптаушы» номинациясына Солтүстік Қазақстан облысының өкілі - Ерасыл Бүркіт лайық деп таңдалса, «Ең әдемі тазы» атағын Бұланды ауданы Қараөзек ауылының Тамаша есімді иті иеленді.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлері ішінен ойып тұрып орын алатын аса тартымды спорттың бірі қазақша күрес те ұйымдастырылды. Балуандар екі салмақта белдесті. Астана, Көкшетау қалалары мен Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Аршалы, Ерейментау, Аққөл, Зеренді аудандарынан 30-ға жуық спортшы қатысты. Қазылар алқасы мен спортсүйер қауымның қолдауымен жеңіске 55 келі салмақ дәрежесінде Нұрбақыт Әділбек жетсе, ал 74 келі салмақта Сағындық Әшім жеңімпаз атанды.

СНХ: ҚЫМБАТ МҰҚАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі кеш өте жақсы өтуде. Макинск тұрғындарын шын жүректен құттықтаймын. Адамдары барлығы көңілді. Аудан әкімдігіне үлкен рахмет. Бәріміз ризамыз. Менің туған жерім. Кішкентайымнан осы қала да туып өсіп, әлі күнге дейін тұрып жатырмын.

РКС: Қала халқы мерекелік көңіл-күй сыйлаған ұйымдастырушылар мен аудан әкімшілігіне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді. Мерейтойлық шара елімізге танымал эстарада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты. Мерекелік от шашу да болды.

ИНТЕРШУМ:

ТОҒЖАН БАЙМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ