ДИКТОР: Жыл басынан бері Біржан сал ауданының кәсіпорындары 15 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Сондай-ақ, 3 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде 2 ет фермасы мен «ҚазгерҚұс» серіктестігі құс фабрикасының үшінші кезегін салу жобасы іске асырылмақ.

РКС: Аталған жобаларды іске асыру мал шаруашылығы өнімін, ірі қара мал басын, ұсақ малды, жылқы мен құстарды өсіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, 54 жаңа жұмыс орны ашылады.

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАСЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Экономикалық әлеуетті дамытудың басты бағыты ауыл шаруашылығы. Жыл басынан бері ауыл өнімдерінің жалпы шығарылымы 5,6 миллиард теңгеден асты. Оның ішінде 1,3 мың тонна ет, 1,8 мың тонна сүт, 86 миллион дана жұмыртқа. Өңірде көктемгі егіс жұмыстары аяқталды. Биыл 188 мың гектардан астам аумаққа дән сіңірілді. Ауыл шаруашылығы саласында шамамен 2,5 миллиард теңгеге 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның біреуі - Кеңащы ауылындағы «Алтын Бидай НС» серіктестігіндегі ет фермасының құрылысы.

РКС: Әлеуметтік осал топтар үшін 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Мақпал ауылында 319 миллион теңгеге су құбыры желілерін қайта жаңарту аяқталды. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне 74 абонент қосылған. Бұдан бөлек, кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен 1,7 миллиард теңге, бюджет есебінен 900 миллион теңге негізгі капиталға инвестиция салынды.

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАСЕНОВ, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жыл басынан негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,7 миллиард теңге құрады. Қосымша инвестицияларды тарту мақсатында 2024 жылы «Эко Люкс АС» серіктестігі компаниясы арқылы тоңазытқыш климаттық жабдықтарын қайта өңдеу және қалдықтарды термиялық жою бойынша өнеркәсіптік кешеннің құрылысы басталды. Пайдалану қазан айында жоспарлауда. Жоба құны 4,2 миллиард теңге құрады.

РКС: Жыл басынан бері 127 тұрғын жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік осал топтағы 382 адамның өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 15,5 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Бұдан басқа, ауданда алтын өндіру саласын жандандыру мәселесі де қарастырылуда.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.