ДИКТОР: Көкшетауда республикалық «Халық заңгері» акциясы аясында тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсету шарасы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету және азаматтарды білікті заңдық тұрғыда қолдауды қамтамасыз ету.

РКС: «Халық заңгері» — мемлекет пен қоғам арасындағы сенімділікті нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Ол тек тұрғындардың білікті заңдық көмекті алуға ғана емес, өзінің құқығы мен міндеттерін терең сезінуге жәрдемдеседі. Ең бастысы мемлекет тарапынан қолдауды сезінуіне көмектесуді көздейді. Шараға жетекші адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, сот орындаушылары, сонымен бірге мемлекеттік органдардың басшыларымен өкілдері де қатысты.

СНХ: САҒЫНЫШ АЯҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Мұндай акция бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ. Көкшетаудан бөлек, аудандарда да ұйымдастырылып жатыр. Құқықтық сауаттылықты арттыру халықты құыққтық тәртіпке бағыттайды деп есептеймін. Сонымен қатар жемқорлық тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді. Тұрғындар өз құқығын білсе, соншалықты олар бұл мәселеде мейлінше өзін қорғай алады.

СНХ: БАУКЕН ӘЛМЕШ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Іс-шараның басты мақсаты - қоғамдағы "заң мен тәртіп" идеологиясын түсіндіру. Бұл жерде бүгін бізде барлық мемлекеттік органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының жеке сот орындаушы, адвокат, нотариус, өте білікті мамандар қатысып жатыр. Бұның бір-ақ мақсаты - халқымызга тегін заң көмегін көрсету. Бұл іс-шараның басты мақсаты - халыққа тегін заң көмегін көрсету, қоғамдағы заң мен тәртіпті орнату. президентіміз қазіргі таңда үлкен нарратив "заң мен тәртіп" идеологиясын еңгізіп жатыр, соны түсіндіру, тегің заң көмегін көрсету.

РКС: Бұл жолы қала тұрғындары мен қонақтары толғандырған сауалдарын жеке кездесу арқылы тікелей жауапты маманға қойып, білікті заңдық кеңес алды. Қала тұрғыны жер қатынастарына қатысты мәселемен келіпті.

СНХ: ЛЯЛЯ ЗАЛЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Барлық құжатымды арқалап осы жерге келдім. Екі маманның кеңесін алып үлгердім. Бәрі көңілімнен шықты. Ешқайда табан тоздырып жүгірудің қажеті жоқ, өте ыңғайлы.

РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл күні 400-ден астам адамнан арыз-шағым түскен. Олардың басым бөлігі қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамаға, жер және еібек қатынастары, салық салымдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және құрылыс саласына қатысты.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ