ДИКТОР: Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Көкшетауда «Риясыз күлкі – шынайы бақыт» күлкі фестивалі өтті. Аталған шараға дамуы ерекше 80-нен астам бала қатысты.
РКС: Фестиваль жылы және мерекелік атмосферада өтті. Қатысушылар үшін ойын алаңдары, аниматорлардың қойылымдары, концерттік бағдарлама мен сыйлықтар ұйымдастырылды. Мерекелік шараны «Бархатның круг» әйелдер клубы демеушілер мен қала тұрғындарының қолдауымен жүзеге асырды.
СНХ: ДӘУРИЯ ТӨЛЕШОВА, «БАРХАТНЫЙ КРУГ» ӘЙЕЛДЕР КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: Бүгін осындай керемет жарқын күнде біз Bala park-тің ішінде ерекше балаларға мереке ұйымдастырып жатырмыз. Мерекеге 80 ерекшелігі бар балалар келіп қатысуда. Ата-аналарымен, жанұяларымен келгендер бар. Осындай керемет мерекені ұйымдастыруға көмек беріп, қол үшін созған жүректері кең адамдарға алғысым шексіз.
РКС: Айта кетейік, нәзік жандыларды біріктірген қоғамдастық. Олардың арасында ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар да бар. Ержүрек аналар күн сайын түрлі қиындықтарға тап болып жатса да, қасқайып қарсы тұра алатын қайсарлықтың үлгісін көрсетіп жүр.
СНХ: ҒАЛИЯ АЛДАНАЗАРОВА. ЕРЕКШЕ БАЛАНЫҢ АНАСЫ: Бүгін бәріміз бас қосып отырмыз. «Бархатный круг» және спонсорларымызға осындай мереке ұйымдастырғанына қуаныштымыз. Балаларымыз ерекше бала болғасын көңіліміз әрқашан алаң болып отырады. Ананың бауыр еті дейді ғой балалар, сондықтан қандай да диагнозы болса да біз анамыз. Ешқашан да ана балаларын жамандыққа қимайды. Сондықтан осындай іс-шара жасап жатқандарыңызға көптен-көп рақмет!
РКС: Мұндай шараны ұйымдастыру ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеуде және қолдауда маңызы зор. Бұл балаларға тек қуаныш сыйлауды тәсілі ғана емес, сонымен бірге инклюзивті және мейірімді қоғам қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады,– дейді ұйымдастырушылар.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ.