ДИКТОР: 200-ден астам зеренділік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысып, Көкшетау-Атбасар тас жолындағы саяжай алабын қоқыстан тазартты. Бұл саяжай - курортты Зеренді ауылындағы жергілікті тұрғындардың таза ауамен тыныстап, тынығатын, жеміс-жидек теретін орны. Сондықтан бұл жердің тазалығын қалпына келтіруге зеренділіктер бір адамдай жұмыла қатысты. Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері аудан бойынша 19 саябақ пен алаң абаттандырылып, қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар алты мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Ал осы акция барысында 70 шақты қап болатын 1,5 мың тонна қоқыс шығарылды.

СНХ: ҚАЙРАТ АУҒАЛИЕВ, ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Апта сайын әріптестермен шығамыз. Бұл жерде мұғалімдер бар, ұжымдар бар, мемлекеттік қызметкерлер бар, тағы басқа әріптестеріміз бар. Тазалықта Зерендіні ұстау – бұл енді бәріміздің міндетіміз. Өйткені, жаз айында Зерендіге көп қонақ, туристер келеді. Сондықтан былтырғы жылы көлдің маңайын жинағамыз. Биыл локациямызды ауыстырып осы жаққа шықтық. Барлық жан-жағын төрт құбыла жағын түгел жинап жүрміз. Бұл енді үлкен жақсы іс шара. Бұл іс шара жыл бойы жалғасын таба береді.