ДИКТОР: Осы аптада Ақмола облысында туристік маусым басталады. Өңір басшысы Марат Ахметжанов облыстың бас курорты саналатаны Бурабай аймағындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын бақылап қайтты. Айта кетейік, Бурабай ауданында медициналық туризм мен сауықтыру бағыттары қарқынды дамып келеді.
РКС: Мысалы, Бурабай кентінде биыл халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығы жұмыс істей бастады. Мекемеде халыққа емдеу ғана емес, сонымен қатар дифференциалды диагностика да жүргізіледі. Рентгенологиялық зерттеулер заманауи жабдықта жүзеге асырылады.
СНХ: НҰРСҰЛТАН САРМАНОВ-РЕНТГЕН-ЗЕРТХАНАШЫ: Жарақат өте көп. Бұл негізінен коксартроз, артроз, артрит, буын деформациясы. Адамдар жамбас, тізе буындарын ауыстырғаннан кейін біздің көмегімізге жиі жүгінеді. Бұл рентген аппаратында біз қазірдің өзінде 3,4-ші сатыларды анықтай аламыз. Дәрігерлер бәрін анық байқайды. Ең алдымен адамдар үшін өте жақсы. Олар осы жерде емделіп, сауатты кеңестер алып, емдеуді жалғастыра алады. Шағын қала үшін бұл өте үлкен жетістік деп санаймын. Аудандардың бәрінде цифрлық және заманауидан бұрын, қарапайым рентген аппараты жоқ.
РКС: Медициналық орталықтың пациенттері күрделі операциядан өткеннен кейін курортты аймақтың жайлы жағдайында тез қалпына келе алады. Жыл басынан бері 40 тұрғын мемлекет есебінен тегін медициналық көмекке қол жеткізді. 15 адам сауықтыру емін қабылдады. 80-нен астам азамат санаторлық-курорттық сауықтыруға қатысты өтінім білдірген.
СНХ: МАДИНА ЖАЛМҰХАМБЕТОВА, МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Травмотология және ортопедия бойынша 5 жатын орын бар.Еліміздің барлық қаласынан келген адамдар үшін осы қызмет түрлерін көрсетеміз. Сауықтыру шарасынан да өткіземіз. Санаторлық-курорттық емдеуге байланысты 5 жатын орын бар. Барлық тұрғынға қолжетімді болуына ынталанып жатырмыз. Әсіресе Ақмола облысында операцияның алдында көп күтіп қалмауын қадағалаймыз. Ашық есік күндерін, бейінді мамандардың тегін кеңесін ұйымдастырып тұрамыз. Одан әрі орсы орталықта ем алу мүмкіндігін де қарастыру үстіндеміз.
РКС: Аймақ басшысы бизнес субьектілерінің жазғы маусымға дайындық деңгейін жоғары бағалады. Марат Ахметжанов өңірдегі туристік нысандардың басты міндеті – қонақтар үшін қолайлы жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету екенін баса айтты. Жергілікті билік туристер мен кәсіпкерлерге қажетті жағдайдың бәрін жасайды.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАСБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ